ChatGPT: Жұмысты жеңілдете ме? Әлде қауіпті ме?

Ең қызықты деректер - 37

1996397
ChatGPT: Жұмысты жеңілдете ме? Әлде қауіпті ме?

ChatGPT: Жұмысты жеңілдете ме? Әлде қауіпті ме?

Жасанды интеллект тарапынан қолдау берілген сұхбат роботы ChatGPT соңғы кездері көп талқыланған қосымша болды.  Қосымшаның жұмысты жеңілдететін жағы болса да мамандай кейбір қауіптері бар екенін айтып отыр. Ал оның қауіптері қандай?

**

Арасында Илон Маск та бар мыңнан астам маман қол қойған жасанды интеллектке қарсы хат жасанды интеллект модельдерінің жетілдірудегі жарыстың рисктерін қолға алған. Осындай істердің 6 айға тоқтатылуын сұрайды.

Диалог түрінде байланыс құратын тіл моделіне ие ChatGPT соңғы кезде ең көп талқыланған жасанды интеллект қосымшасы.  Қосымша барлық сұраққа жауап бере алады,  алайда кейбір жауаптары күдік туғызады.

 Қазіргі нұсқасы 175 миллиард мәлімет тізіміне ие осы қосымша сұрақтарға мағыналы жауап беру үшін миллиардтаған мәлімет мен датаны қарастырады. Қосымшаның жұмысты жеңілдететін бір жағының болуы қолданушыларды қанағаттандырады,  алайда берген жауаптарының барлығы дұрыс болмайды.

Қолданушыларға қате мәлімет беруі мүмкін

Мамандар қосымшаның белгілі рисктері бар екенін қабылдайды.  Цифрлық медиа маманы Огузхан Сарухан сұхбат роботының кейде қолданушыларға қате мәлімет бергеніне назар аударады. Мәліметтер арасында дұрыс емес, манипуляцияға ұшыраған даталар болып қалатынын атап көрсеткен Сарухан «Осы мәлімет тізбегі ішінде нәсілшілдік, фашистікке байланысты немесе жаман сезімдерге байланысты даталар болуы мүмкін. Оны сізге ұсынуға тырысады» деді.

Мамандардықтарға қауіп төндіреді

ChatGPT-тің мамандықтарға да қауіп төндіру әлеуеті бар.  Мамандар жүргізілген зерттеулердің осыны көрсеткенін білдіреді.  Сарухан «Бүгін жүргізілген бір зерттеуге қарағанда мың мамандық түрі бүгінгі қалпымен артта қалуы мүмкін» деді.

Мамандардың айтуынша болашақта көп талқыланатын тақырыптардың бірі – авторлық құқық. Себебі қалыптастырылған контенттің жинақталған мәліметтерден ортаға шыққан болуы авторының кім екені сұрағын туғызады.

Қытай мен Италия тыйым салды

Осы қосымшаға риза болғандар бар,  бұның рисктерінің үлкен екенін де алға тартушылар көп. Қытай мен Италия ChatGPT-ге тыйым салды. Twitter басшысы Илон Маск пен кейбір мамандар осындай қосымшаларды қолдануды тоқтатуды сұрады.

Дереккөз - TRT Haber



Ұқсас жаңалықтар