Жасанды интеллектің мақсаты – ой мен сезімдерді басқару

Ең қызықты деректер - 33

1987033
Жасанды интеллектің мақсаты – ой мен сезімдерді басқару

Жасанды интеллектің мақсаты – ой мен сезімдерді басқару

Технология әлеміндегі ең маңызды бетбұрыстар жасанды интеллект саласында. Жұмыстардың соңғы мақсаты – адамдардың шын ойы немесе сезімдерін білу және оларды басқару.

**

Технология дамыған сайын,  әсіресе әлеуметтік желі тарағаннан кейін әрбір қадамымыз қадағаланып отыр. Ең құпия мәліметтеріміздің дата банктерде жинақталуына да үйреністік. Біздің қолымызда қалғаны ойымыз бен сезімдеріміз еді.  Енді оны да қорғай алмайтын боламыз. Себебі ендігі мақсат – ойымыз бен сезімдерімізді білу.

Ал жасанды интеллект бұны қалай жасайды?

Дененің қимылы, беттегі бұлшық еттер, көздің қозғалыстары, дауыс, тіпті гормондар арқылы.

Жасанды интеллект саласында жұмыс істейтін компаниялар осылардың барлығын микро деталіне дейін зерттеп, ой мен сезімдеріміздің ізін аңдуға тырысуда.

Процесс қалай жүреді?

Ғылыми зерттеуші, маман Илке Демир жасанды интеллекттің сезімдерді шешу саласында жүргізілген жұмыстар туралы айта келе сезімді түсіну үшін көптеген техника қолданылғанын білдірді.  Осылардың арасында кең тарағаны - "Facial Action Units" техникасы.

Эмоциялар машиналық оқыту арқылы анықталады

Эмоцияларды зерттеуде қолданылған басқа бір әдіс – «терең желі» деп аталатын машиналық оқыту. Терең желілерде бақыт, ашу, қайғы, қорқу секілді сезімдердің көріністері орын алады.  Осы көріністерге этикеттер беріледі. Осы көріністер терең желіге беріледі және машинамен оқыту арқылы анықталады. Осы терең жасанды желілер суреттер мен сезімдердің үйлесімін тексеріп,  сезімдерді түйсінеді.

Жүйемен бірге келетін рисктер

 Осы жүйелер тап қазір кейбір зерттеу компаниялары және халықаралық фирмалардың кадр бөлімдерінда қолданылуда. Жұмысқа орналастыруда дұрыс маманды таңдау, шындықты ортаға шығару немесе қылмыстыларды анықтау секілді қоғамға пайдалы мақсаттар туралы айтылып отыр.  Алайда маңызды сұрақтар да бар.

Еске бірден түсетін қолданыс түрлері қорқынышты сцеранийлерді ала келеді. Сезімдерге қолжетімді бір жүйе бізді бір өнімді немесе қызметті сатып алу үшін оп-оңай көндіре алады. Саяси мақсатта да қолданылуы мүмкін. Жүйені қолданатындар өздеріне бір қоғам немесе елді мақсат етіп қойып, сол елде ірі әлеуметтік оқиғаларды бастауы мүмкін. Қақтығыс шығаруы да мүмкін.

Сезім мен ойларды қате анықтау мүмкіндігі де бар.  Осының нәтижесінде адам құқықтарын бұзушылық та болып қалуы мүмкін.

Жаңа психологтарымыз жасанды интеллект бола ма?

Жасанды интеллект бір жағынан біздің эмоцияларымызды түсінуге тырысса,  бір жағынан да оларды түзетуге, яғни жаңа психологымыз болуға да кандидат. Психиатрия және биоинженердік саласында жұмыс істейтін ғалымдар цирфлық фенотиптеу деп аталатын бір жүйе қолданып, науқастарды емдеуді бастады. Осы зерттеуде ұялы телефон секілді жихаздарды қолдану пішіні, парақшаларды ығыстыру жылдамдығы секілді деректердің депрессияны анықтау және емдеуде қолдануға болатынын айтады.

Адам ойындағы құпияларды жасанды интеллект анықтайды деп жоспарланып отыр.  Алайда оның қандай нәтиже алып келетінін болашақ көрсетеді.

Дереккөз - TRT Haber

 

 



Ұқсас жаңалықтар