Жасанды интеллект мамандықтарға қауіп төндіре ме?

Ең қызықты деректер - 34

1987035
Жасанды интеллект мамандықтарға қауіп төндіре ме?

Жасанды интеллект мамандықтарға қауіп төндіре ме?

Бүгінгі күні адам күшін қажет ететін көптеген жұмыс болашақта жасанды интеллект тарапынан атқарылуы мүмкін деп айтылуда.  Алайда біздің орнымыздың толмайтынын айтатындар да бар.  Ал қай мамандық қаншалықты қауіп астында?

**

Автоматизация мен жасанды интеллект саласындағы жетістіктер адам баласы бұрын-соңды көрмеген жаңа молшылық пен табыс деңгейін әкелу әлеуетіне ие. Айырықша экономикаларымызды бұзу, бірнеше ұрпақ бойы өмірімізді құлдырату және Стефен Хоукинг немесе Илон Маск секілді адамдардың ойынша адам баласын жойып жіберу ықтималы да бар. Ең үлкен рисктердің бірі – мамандықтардың болашағында.

85 миллион жұмыс тоқырауы мүмкін

Әлемдік экономикалық форумы осы тақырыпқа байланысты бір есеп жариялады. Жасанды интеллект және робототехника саласындағы жылдам жетістіктер арқылы машиналар адам жұмысының көбінің орнына өтуі мүмкін. Тақырыпқа байланысты  26 елде 15 түрлі секторда зерттеу жүргізілді. 2025 жылы адамдар мен машиналар арасындағы жаңадан қалыптасатын жұмыс бөлісу себебімен шағын және ірі кәсіпорындарда 85 миллион жұмыс тоқтап қалуы мүмкін.

Зерттеуге қарағанда, секторлардағы әрбір 100 істің 52-сін роботтар, 48-ін адамдар атқарады. Бұрын болғандай кейбір жаңа жұмыстар пайда болатын болса да, әсіресе ақылды роботтардың құны азайған сайын және қабілеттері артқан сайын бұлар жеткілікті болмайды. Халықаралық Робототехника федерациясы өндірістік роботтардың өсімінің жыл сайын 14 пайыз жылдамдайтынын болжап отыр.

Барлық істің рисктері тең емес

Тұтынушы қызметтерінде жұмыс істейтіндер, букхалтерия қызметкерлері, қонақ қабылдай бөлімінде жұмыс істейтіндер, редакторлар – алдағы уақытта жұмыстарынан айрылып қалу қаупі жоғары мамандықтар.

Мұғалімдер, басшылар, саясат қайраткерлері,  дін қайраткерлері, психолог және психиатрлар, хирургтар, өнер қайраткерлері мен жазушылар – қауіп аз төніп тұрған мамандықтар.

Осы пікірді қолдайтындардың саны едәуір көп. Бірақ керісінше ойлайтындар да бар.

Дата компаниясы SAS-тың ойынша компьютерлер қалай ғана біздің орнымызды ала алмаса,  жасанды интеллект пен роботтар да орнымызды толтыра алмайды.

Дереккөз - TRT Haber

 



Ұқсас жаңалықтар