Жасанды инттеллект жақында түсімізді жазып алуы мүмкін

Ең қызықты деректер - 30

1976646
Жасанды инттеллект жақында түсімізді жазып алуы мүмкін

Жасанды инттеллект жақында түсімізді жазып алуы мүмкін

Мамандар бір түс көргенімізде сол түстің жартысын ұмытып қалатынымызды және 10 минуттан кейін 90 пайызының жадымыздан шығып кететінін айтады. Жасанды интеллект жазып алатын болса, жағдай өзгереді.

Жасанды интеллект енді ми сканерлерін оқи алатын болады, бір көргенінде өте ұқсас көріністер жаза алады.

Бұл технология түрлі жануар түрлерінің жан-жағын қалай түйсінетінін зерттеу және паралич болған адамдар үшін байланысқа өтуге көмектесу секілді мүмкіндіктер береді. Бұдан бұрын бірсыпыра лаборатория ми сканерлеуінің көріністерін қайта қалыптастыру үшін жасанды интеллекті қолданған болатын.

Алайда жаңа зерттеу бір неміс компаниясы тарапынан жетілдірілген және 2022 жылы нарыққа шығарылған «Stable Diffusion» атты бір алгоритмді қолданған алғашқы зерттеу болды.  Алгритм мәтіннен көрініс өндіретін жасанды интеллекттерге ұқсас ми модельдерін мыңдаған көрініспен байланыстыру үшін жетілдірілді.

 Басқа алгоритмдерге керісінше «Stable Diffusion» үшін аздай білім керек және бұл да оны «миды оқу» үшін жаңа әдіс қылады.

**

Осака Университетінде жүйе нейробиологы Ю Такаги жасанды интеллект алгоритмінен көріністер қалыптастыру үшін мидің түрлі жерлерінен келетін ми белсенділігі мәліметтерін қолданғанын білдірді. Алгоритм мидың белсенді жерлеріне қан ағудағы өзгерістерді анықтайтын функционалдық магнитті-резонансты бейнелеу (fMRI) деректерін пайымдайды.

Мидың уақытша және желке бөліктері адам оны түсірген  кезде көрініс туралы әртүрлі ақпарат түрлерін тіркейді.

Жасанды интеллект жүйесі қатысушылардың ми сканерлеуінде сыналған, бірақ оны зерттеудің ауқымын кеңейту, жүйені қайта жетілдіру керек.

Зерттеушілер бұл технология когнитивті неврологияны зерттеу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және фантомдық ойлар мен түс көруді тежеу ​​үшін қолданылады деп үміттенеді.

  TRT Haber

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар