Түркі Республикаларының күн тәртібіндегі оқиғалар

Еуразия күн тәртібі – 29-2023

1960843
Түркі Республикаларының күн тәртібіндегі оқиғалар

Бүгінгі бағдарламамызда Түркі Республикаларының күн тәртібіндегі оқиғаларға тоқталамыз.

Ардақты тыңдармандар.

Өткен апта Түркі Республикаларында маңызды сапарлар болды және форумдар өткізілді. Түркі Әлемі Жазушылар одағы құрылды. Осы оқиғаларға қысқаша тоқталайық.

2023 жылы 9 наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаровты қабылдады. Кездесуде гидро электр станцияларын салу, темір жол құрылысы сияқты Өзбекстан мен Қырғызстан қарым-қатынастарына байланысты тақырыптар талқыланды. Мирзиеев пен Жапаров аймақтық мәселелер жөнінде де көзқарас алмастырды. Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров Өзбекстан сапары аясында Ташкентте Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповпен кездесті. Кездесу соңында екі ел үкіметтері арасында 15 келісімге қол қойылды. Өзара сауда үйлерін салу тақырыбында келісімге келді.

Моңғолия Сыртқы істер министрі Батмунх Батцэцэг 7-10 наурыз күндері арасында Өзбекстанға ресми сапармен барды. Батмунх Батцэцэг Ташкентте Өзбекстанның Сыртқы істер, Қатынас, Инвестиция және Сауда министрлерімен кездесті. Моңғолия Сыртқы істер министрінің Өзбекстан сапары соңғы 30 жылда Моңғолия Сыртқы істер министрі тарапынан осы елге жасалған тұңғыш сапар ретінде тіркелді.

2023 жылы 9 наурызда Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов Тәжікстан президенті Имамали Рахман тарапынан қабылданды. Кездесуде екі жақтылы қарым-қатынастар мен аймақтық тақырыптар қолға алынды. Сыртқы істер министрі Мередов сапары аясында тәжік әріптесі Сиражеддин Мухриддинмен кездесті. Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхаммедовтың сәуір айының басында Тәжікстанға ресми сапармен баратыны хабарланды.

2023 жылы 10 наурызда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовты қабылдады. Кездесуде ұйымның жұмыстары, аймақтық қауіпсіздік тақырыптары қолға алынды. «Мызғымайтын бауырластық-2023» әскери жаттығуы биыл Қырғызстанда ұйымдастырылады. Мынаны да айта кетейік, Армения ұйымның бас хатшы орынбасарлығы мәртебесіне басшы жолдамайтынын білдірді.

Құрметті тыңдармандар.

Түркі Республикаларында өткен апта екі маңызды форум ұйымдастырылды. Әзербайжан Президенттік сарайының қолдауымен 10-шы Баку форумы 9-11 наурыз арасында өткізілді. Президент Ильхам Әлиев Халықаралық Низами Гянджави орталығы ұйымдастырған «Бүгінгі әлем: қауіптер мен мүмкіндіктер» атты форумның беташарына қатысты. Форумға бұрынғы және қазіргі 29 президент, 2 премьер-министр, 6 Мәжіліс төрағасы, жалпы 61 елден 360 өкіл қатысты. Президент Ильхам Әлиев форум аясында көптеген екі жақты кездесулер өткізді. Соңғы 10 жылда Халықаралық Баку форумы маңызды халықаралық платформаға айналды.

2023 жылы 9-10 наурызда Ашхабадта «Климат өзгерістері шарттарында азық-түлік қауіпсіздігі үшін ортақтық» атты халықаралық форум ұйымдастырылды. Аталмыш форумға Орталық Азия елдерінің Ауыл шаруашылығы министрлері, Иран президентінің орынбасары, БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Форум соңында көптеген келісімге қол қойылды.

Өткен апта Түркі Республикаларының мәдени қарым-қатынастарын дамытатын оқиғалар болды. 6 наурызда Түріксой ұйымында бас қосқан Түрік Республикалары жазушылар одағының төрағалары Түріксой Жазушылар одағын құрды. Одақтың Бас хатшылығына Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет тағайындалды. Түріксой Жазушылар одағының алғашқы жиналысы наурыз айының соңында Өзбекстанда өткізіледі.



Ұқсас жаңалықтар