Измир Кумрусу

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 08-2022

1898614
Измир Кумрусу

Тіркелу уақыты:  07.12.2017 

Түркияның үшінші, Эгей аймағының ең ірі қаласы Измир өзіндік тағамдарымен де танымал. Измир Сауда палатасының өтінішімен 2017 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері арасына енген «Измир Кумрусу» (Измир көгершіні) осылардың бірі. «Измир Кумрусу» - жергілікті халық «Геурек» деп атайтын алақандай, ортасы тесік дөңгелек тоқаштың бейнесіне ұқсайды. Тоқаштың ортасы жалпақ, шет жағы жұқа түрімен құстың кеудесіне ұқсағандықтан «көгершін» аталған. Нокут бұршағының ашытқысымен жасалған күнжіт қосқан көгершін нанының ішіне Измирдің Тулум ірімшігі, қызанақ және жасыл бұрыш қосылады.

Аймақтағы туризм орталықтарының ықпалымен күнделікті тіске басар ретінде желінетін «Измир Кумрусу» көмір ошағында пісірілген шұжық, салями, чеддар ірімшігі (кептірілген ірімшік) және қызанақпен ыстық түрде берілетін тағамға айналды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар