Апталық Анализ 68

АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Үндістан, Тайвань және Бангладеш сияқты елдер президенттік сайлау өткізеді.

2077176
Апталық Анализ 68

2023 жылы болған оқиға 2024 жылы мүмкін болатын геосаяси және стратегиялық сценарийлерді айтарлықтай әртараптандырды. 4 миллиардтан астам халық 2024 жылы сайлауға барады. АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Үндістан, Тайвань және Бангладеш сияқты елдер президенттік сайлау өткізеді. Украина, Газа, Тайвань мәселелері, Иранның ядролық бағдарламасы, Таяу Шығыстағы Израиль-Араб қақтығыстарының ықтималдығы, энергия бағасының белгісіздігі және климаттың өзгеруіне байланысты күтпеген халықаралық саясатқа терең әсер ететін оқиғаларды тудыруы мүмкін. Соңғы 24 айда 78 қақтығыс толығымен қайта басталды немесе бұрыннан бар болған қақтығыстар қайтадан өрбуде. Бұл жағдай халықаралық жүйенің қайшылықты сипатының ең айқын элементтерінің бірі болып табылады.

Жүйедегі өзгерістер мен трансформация әлі де белгісіз күйінде қалып отыр. Сондай-ақ осы сәтте Америка Құрама Штаттарының ұстанымы өте маңызды. АҚШ-тың жаһандық ұстанымында  күрделі сынақ тұр. Қытай әзірге АҚШ-ты әскери жағынан теңестірмесе де, таяу болашақта кейбір салаларда оны теңестіру мүмкіндігі бар екені анық. Бұл жағдай Қытайға жаһандық қуат позициясын бермейді. Алайда бұл жағдай АҚШ-ты өз аймағында теңестіре алатын, оны кері итеретін немесе шегінуге әкелетін әскери позиция ретінде көрінеді. Екіншіден, АҚШ-тың әскери позициясына қарата Таяу Шығыста әсіресе 7 қазаннан кейін шабуыл жасаудың елеулі үрдісі байқалды. Бұл Америка Құрама Штаттарының әскери қатысуына қауіп төндіретін жағдай ретінде пайда болады. Экономикалық тұрғыдан АҚШ ең ірі экономикалардың бірі болып қала береді. АҚШ сонымен қатар Еуропа мен Қытайдың алдында орын алуда. Жаһандық экономикалық жағдай көптеген аймақтық және орта деңгейдегі күштің, әсіресе Үндістанның АҚШ-тың экономикалық қуатына үлкен қауіп төндіретінін көрсетеді. Дипломатиялық тұрғыдан алғанда, АҚШ-тың моральдық үстемділігі жоғалған сияқты. Әсіресе Газадағы соғыстан кейін америкалық дипломатия сенімін жоғалтқандай. Байден әкімшілігінің ережелерге негізделген халықаралық тәртіпті құру мақсаты сәтсіздікке ұшырады. Одан да маңыздысы басқа актерлердің тәртіпсіз әрекеттеріне мүмкіндік беруі.

Тағы бір жүйелі мәселе болса, Ресейдің Украинадағы басқыншылығының жалғасуы. Ресейдің Украинадағы геосаяси ұстанымы әлі де өзгеріс жоқ. Ресей Украинаны Қаратеңізге жабық мемлекетке айналдыруға тырысуда. Финляндияның НАТО-ға мүшелігінен және Швецияның НАТО-ға ықтимал мүшелігінен кейін Ресейдің бұл мақсаты әлдеқайда маңызды болды. Алайда Путиннің бұл мақсатына 2024 жылы жетуі екіталай. Сондықтан Украина соғысында өзгермейтін соғыс алаңы құрылды. Басқаша айтқанда, соғыс майданындағы географиялық орналасу мен әскери операциялық қарқындылық арасында айтарлықтай алшақтық болды. Операциялық қарқындылық өте жоғары болғанымен, географиялық деңгейде, яғни соғыс майданында кеңею немесе ілгерілеу байқалмайды. Бұл Ресей-Украина соғысындағы тұрақты жағдай емес. Сондықтан Ресей мен Украина арасындағы Украинаға қатысты қақтығыс динамикасы әлі де жалғасуда. Тағы бір мәселе  болса, батыстың Украинаға қолдау көрсетуі. Батыс айтарлықтай әскери қолдау көрсеткенімен, бұл әскери қолдау қазіргі уақытта майдан соғысындағы  ойынды өзгертетін рөл атқармайды. Әрине бұл Украинаның қорғанысын күшейтті.  Бірақ Ресейді жеңуде Украинаға стратегиялық үстемдік бермеді. Дипломатиялық майданда әзірге ілгерілеу жоқ. Бұл ілгерілеудің жақын болашақта болуы да мүмкін емес сияқты.

Қазіргі жағдай Украинаның бітімгершілік келіссөздеріне қол жеткізуіне кедергі жасауда. Өйткені Украинаның бітімгершілік жоспары әлі де болса Ресей әскерін Украина аумағынан толықтай шығаруды көздейді. Осы себепті қазіргі жағдай 2024 жылы Украинада да дәл осылай жалғасады деп күтілуде. АҚШ-тағы президенттік сайлауы Украинадағы үдеріс үшін маңызды оқиға болуы мүмкін деп айта аламыз. Ресейде де осындай сайлау болады. Ресейдегі билік Путиннің билігін нығайту арқылы жалғасады деп айтуға болады. Ресей-Еуропа қарым-қатынасында жаңа үрдіс болуы мүмкін. Егер Трамп сайлауда жеңіске жетсе, Еуропаның Украинаға қатысты автономды әрекет ету мүмкіндігі күшейе түсуі мүмкін.


Этикеттер: #НАТО , #АҚШ , #Украина , #Ресей

Ұқсас жаңалықтар