Апталық Анализ 39

Түркияда 28 мамырда  президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді.

1991014
Апталық Анализ 39

 

Түркияда 28 мамырда  президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді. 14 мамырда өткен президенттік және парламенттік сайлауда  бірінші турда Джумхур альянсы   Парламенттегі басымдықты жеңіп алды.  Президент Ердоған 49,5 пайыз дауыспен үлкен табысқа қол жеткізсе де, 50 пайыздан өте алмағандықтан сайлау екінші турға қалды. Кемал Кылычдароғлу болса, 44 пайыз дауыс жинады. Енді түрік халқы  екінші кезең сайлау үшін дауыс береді. Бүкіл процесс бейбіт түрде жалғасуда. Бұл түрік демократиясының кемелденуінің маңызды көрсеткіші болып табылады.

14 мамырда өткен президенттік және парламенттік сайлаудың бірінші турында  көптеген тосын нәтижелер болды. Әсіресе оппозиция жақтаушылары  және оны қолдаған халықаралық ұйымдар  Кемал Кылычдароғлудан үлкен үміт күткен еді. Кемал Кылычдароғлудың бірінші турда президент бола  алатыныны және Миллиет альянсының парламентте көпшілік орынды иелейтініні алға тартқан болатын. Өкінішке орай нәтиже басқаша болды. Оппозиция бірінші турда Ердоған мен Джумхур альянсы алдында жеңіліске ұшырады.  Ердоған бірінші турда шамамен 2,5 миллион дауыспен Кылычдароғлудан басым түсті, Джумхур альянсы парламентте көпшілікке қол жеткізді. Ал Миллет  альянсы парламетте азшылық күйге айналуы, олардың талаптарының бос екенін тағы бір рет растады.

Неліктен пандемияға, Ресей-Украина соғысына және 50 мыңнан астам адам қаза тапқан жер сілкінісі апатына қарамастан мұндай нәтиже шықты? Ең алдымен осы болымсыздықтарға  қарамастан Ердоғанды түрік халқы Кылычдароғлудан әлдеқайда сенімді басшы ретінде қарады. Халық ішінде Түркияның қазіргі экономикалық мәселелерін және жер сілкінісі болған аймақтардағы құрылысты салу  және қалпына келтіру жұмыстарын тек Ердоған ғана шеше алады деген түсінік бар. Сонымен қатар халық оппозицияның 6 партиялық коалицияның бір-бірімен үйлесімді жұмыс істемей алмайтынын ойлады. Ең бастысы Кылычдароғлудың PKK-ның саяси жалғасы болып табылатын Халықтың Демократиялық партиясымен серіктестігі сайлаушылардың наразылығына себеп болды.  Қорыта айтқанда,  Ердоған бірінші кезеңде жеңіске жетті. Ал Кылычдароғлу мен оның одақтасы ауыр жеңіліске ұшырады. Түркияда 28 мамырда  президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді.

Кылычдароғлу ұлтшыл, босқындарға қарсы сынды ұстамыммен көзқарасын күрт өзгертті. Оңшыл Үмит Өздагпен одақ құру арқылы сайлаушылардың алдына шығатын болды.  Кылычдароғлу  енді Үмит Өздагды және PKK/HDP-ны бір уақытта тең ұстап тұруға мәжбүр. Бірінші турда 5 пайыз дауыспен жарқ етіп шыққан Синан Оган Ердоғанды ​​қолдайтын болды.

Ердоған қазіргі саясатты жалғастыра отырып, Кылычдароғлу мен оның одақтастығының қайшылықтарын сайлаушыларға көрсетіп, қолын күшейткен сияқты.  Мәжілістегі көпшілік дауыспен қайтадан сайлаушылардың алдына шығады. Түркия халқы негізінен тұрақтылықты бірінші орынға қоятындықтан, бұл бағыт Ердоған үшін өте күшті фактор ретінде ерекшеленеді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар