Апталық Анализ 37

Түркиядағы сайлау марафоны аяқталуға аз қалды.

1985776
Апталық Анализ 37

 

 

 

Түркиядағы сайлау марафоны аяқталуға аз қалды. 14 мамырда өтетін Президент және 28-ші кезекті Парламент сайлауы Түркия үшін өте маңызды. Миллет альянсының ұстанымдары көптеден өзгеріс жасайтынын және Түркия арманын жүзеге асыратынын көрсетуде. Алайда осы тақырыптардың ішінде терроризммен күрес ең маңызды айырмашылықтардың бірі болуы мүмкін. Ердоған президент болып қайта сайланған жағдайда террормен күрес процесі жалғасады. Бірақ Кемал Кылычдароғлу жеңіске жетсе бұл тұрғыда елеулі белгісіздік пен алаңдаушылық бар.

Күш ойындары әрқашан Таяу Шығыс географиясындағы қақтығыстар мен былықпада от жанып тұрған ордада қалыптасса, Түркия үшін де осындай жағдай туралы айтуға болады. Аймақтық субъектілер тұрғысынан да, жаһандық күштер тұрғысынан да Таяу Шығыстағы мүдделерді қорғау үшін сенімді тұлғаларды пайдалану әдетке айналды. Түркияда PKK террор ұйымы ретінде танылды. Осыдан кейін Сирия, Ирак және Иранда ішкі ұйымдары пайда болды. Енді осылармен күрестің  Түркияға бір жақ бетін көрсеткендей болады.

Террор ұйымы PKK әсіресе Асад режимі тарапынан ұйымдастырылды және Түркияға қарсы пайдаланды. Ондаған жылдар ішінде терроризмнің кесірінен мыңдаған адам қаза тапты. Ұйымның сириялық құрылымы болса 2011 жылы елдегі азаматтық соғысты пайдаланып күшейді және іс-әрекеттер жасауға кірісті. Ұйым Сирияда YPG атымен қарулы жасақтар құрып, Африн, Айн әл-Араб және Хасеке аймақтарын бақылау астына алды. PKK Сириядағы оқиғаларды үлкен мүмкіндік ретінде қарады. Әрі Қандилдегі KCK құрылымы, әрі Имралидегі Абдулла Өжалан және Түркиядағы саяси жалғасы  PYD/YPG-ні негізгі әрекет түйіні ретінде қараған еді. PKK сонымен қатар Түркиядағы «шешім процесінен» де  пайдаланып,  барлық  күшін Сирияға салды.

Түркияда 2016 жылы 15 шілдеде болған төңкеріс әрекетінің белгілеуші факторлардың бірі Сирия болды. Түркия ұзақ жылдар бойы қиын географияда тұрақтылығын сақтап, ұлы мемлекет болу үшін күрессе, соңғы жылдары жасаған қадамдарымен жаһандық актер болу жолында да алға қарай  ілгерілеуде. Терроризм әрқашан Түркияның жаһандық күш болу арманына қарсы құрал ретінде пайда болды. Осы аяда FETÖ тарапынан 15 шілде төңкеріс әрекетін  Түркияның жаңа сыртқы саясатын оңға айналдыру және Сирияда  құрғысы келген террористік мемлекетке араласуға тосқауыл қою деп қарау керек.

Түркияның 15 шілдеден кейін президент Ердоғанның нақты саяси ерік-жігерімен жаңа қауіпсіздік доктринасын құру арқылы Сирияда ірі шекаралық әскери операцияны бастауы шын мәнінде үлкен табыс. Осы тұрғыда 15 шілдені тарихи  бетбұрыс деуге болады. Әрі FETÖ-ның қауіпсіздік бюрократиясына еніп кеткен стратегиялық мекемелерден тазартылуы, әрі PKK/YPG террор ұйымдарымен белсенді күресуі де Түркияны жаһандық күшке айналдыратын саясаттың айқындаушы парадигмасы ретінде алдымызда тұр. Түркия қиын географияда аман қалу үшін ойынды ережеге сай ойнауда.

Сондықтан Түркияның PKK/YPG террорымен күресі өте маңызды. Бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі болып табылады. Оппозицияның да мәселеге осылай қарауы қажет. Алайда оппозиция  6 партиядан құралуда. Оппозиция ішінде терроризммен күреске қатысты әртүрлі көзқарастар алаңдаушылық туғызады. Миллет альянсының президенттікке кандидаты Кемал Кылычдароғлұның PKK-ның саяси жалғасы HDP/YSP-пен ынтымақтасуы оның ықтимал билігі кезінде терроризммен күресі әлсірейді деген пікір туғызуда. Оппозиция бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын нақтылап, осы алаңдаушылықтарды қарастыратын іс-қимыл бағытын қабылдауы керек.



Ұқсас жаңалықтар