Апталық Анализ-36

ДАИШ террористік ұйымының басшысы Әбу Хусейн Хусейни Куреши залалсыздандырылды.

1982818
Апталық Анализ-36

ДАИШ террористік ұйымының құрылуын бір ғасыр деп қабылдағанымызда Әбу Хусейн Хусейни Куреши осы террористік ұйымның төртінші басшысы ретінде қарсымызға шықты. Әбубекир Багдади 2019 жылы 26 қазанда өлтірілгеннен кейін екінші басшы Әбу Хашими 2022 жылы ақпанда АҚШ қолдауындағы операцияда залалсыздандырылды. ДАИШ-тың соңғы басшысы Түркия Барлау ұйымының арнайы тобы тарапынан залалсыздандырылды. Әбу Багдадиден кейінгі басшы жайлы нақтылы мәлімет жоқ. Әбу Хусейннің де нақтылы аты-жөні кім екені әлі анық емес. Анадолы агенттігінің хабарына қарағанда Әбу Хусейннің террор ұйымына 2013 жылы қатысқаны және жылдам өскені білдірілді. Бұл ДАИШ-тың кейінгі буын жаңа кезеңінде әсерлі бір орынға шыққанын көрсетеді.

Сіздерге қауіпсіздік зерттеулері директоры, жазушы, профессор, доктор Мұрат Ялчынташтың тақырыпқа байланысты анализдерін ұсынамыз.

2019 жылы 26 қазанда ДАИШ басшысы Әбубекир Багдадидің залалсыздануымен бірге ДАИШ-тың да Ирак пен Сирияда құлдырау кезеңіне кіргені анықталды. Кейінгі басшылары террор ұйымының операциялық күшін қорғауға талпынса да, 2019 жылдан бастап әлсіреді. 2022 жылы Әбу Хашимидің өлтірілуімен бірге ДАИШ-тың 15 ай ішінде үш басшысы залалсыздандырылды. ДАИШ бұрын 2010-2013 жылдардағыдай қайта құру кезеңіне кіргенімен табысқа жете алмады. Сонымен бірге террор ұйымының басшылары ғана емес, жоғары лауазымдыларының да ұсталғаны және өлтірілгені байқалды. Осыған қарамай Хол лагерін қамтыған ДАИШ отбасылары мен балаларының тәрбие көрмеуі, азаматы болған елдердің оларды қайта қабылдамауы аталмыш лагерде жаңа ұрпақ ДАИШ-тың пайда болу қаупі сақталуда. Жергілікті және халықаралық көптеген рапорт осы лагерде ДАИШ-тың ұйымдасқанын және ой-пікір жағынан жайылуын жалғастырғанын көрсетуде.

Багдадиден кейін залалсыздандырылған үшінші басшы Әбу Хусейнге 29 сәуірде операция жасалғаны белгілі. Бұл операцияны түрік және әлем қоғамы президент Ердоғанның 30 сәуірдегі мәлімдемесінен ұқты. Артынан операция жайлы Анадолы агенттігі хабарлады. Әбу Хусейнге жасалған операция төрт сағат жалғасқан және берілуге шақырылған. Африн-Жиндерес аймағындағы бір ғимаратта тұраған Әбу Хусейннің қашу хабарына сай операция жасалғаны және оны тірі ұстау нысанаға алынғаны білдірілді. Операция кезінде ғимараттың бомбаланбағаны да айқын. Ұлттық Барлау ұйымы Әбу Хусейнді тірі ұстау үшін талпынған. Операцияның төрт сағат жалғасу себебі де осыны көрсетеді. Әбу Хусейн тірі қолға түспеу үшін өзін жарып жіберген. ДАИШ-тың бұрынғы басшылары Әбубекир Багдади мен Әбу Хашими де бомбамен өздерін жарған болатын. Бұл террор ұйымы ішінде бір әдетке айналғаны белгілі.

Әбу Багдади және одан кейінгі ДАИШ басшыларының барлығының Сирияда өлтірілуі назар аударады. ДАИШ Иракты негіз еткен террор ұйымы болғанына қарамай 2012-2013 жылдан бастап Сирияға тараған. Сирияда әсіресе басшылары мықты бекінген. Әбу Хасаннан басқалары Сирияның солтүстігінде залалсыздандырылды. Әбу Хасан Дерада өлтірілді. Бұл ДАИШ мүшелерінің еркін аймақтарда тіпті жақсы жасырынатынын ойлағандарын анықтайды. Аталмыш аймақтар жылдар бойы қақтығыс пен соғыстың орталығына айналған. Алайда 2020 жылдан бастап шекаралардың өзгермеуі мен соғыстың тек алдыңғы шептерде жалғасуы жергілікті қауіпсіздік күштері мен Ұлттық Барлау ұйымының түйінді жерлерге операция жасауына мүмкіндік жаратты. Ұлттық Барлау ұйымы соңғы жылдары көптеген түйінді операциялар жасады.



Ұқсас жаңалықтар