Апталық Анализ 29

Ауа райының жылынуымен Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстардың арта бастағаны байқалуда.

1961402
Апталық Анализ 29

 

       

Ауа райының жылынуымен Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстардың арта бастағаны байқалуда. Әсіресе «Вагнер» басшылығында Ресейдің Бахмут қаласына қарсы шабуылдары артумен бірге, батыс елдерінің Украинаға әскери және экономикалық қолдауы да күн сайын артып келеді. Бүкіл батыс блогы АҚШ-тың жетекшілігімен Ресейге қарсы майданға шықты. Ал Қытайдың екі жақты ұстанымын сақтайтыны және Ресейге әскери қолдау беріп-бермейтіні  де күн тәртіпке келді.

Ресей Украинаға басып кіргелі бір жыл болды. Майдан желісінде әскери қақтығыстармен қатар экономика және саяси жақтағы күрес те қарқынды түрде жалғасуда.  Әсіресе АҚШ-тың басшылығымен ағылшын тілінде сөйлейтін елдер Ресейге қарсы күресу үдерісін соңына дейін жалғастыруға ниетті. Әскери жақтан Украинаға озық технологияға негізделген ауыр қару-жарақ жолдауды жалғастыруда. Сонымен қатар  бұл елге ЕО үлесімен шексіз экономикалық қолдау көрсетілуде. Сонымен бірге Ресейге қарсы өте ауыр экономикалық санкциялар салынуда. Қорыта айтқанда, АҚШ Ресейді тізе бүктіргенге дейін күрестен бас тартпайтын сияқты.

 Ал Ресей болса, Куба, Солтүстік Корея, Иран сынды шағын елдерден қолдау алғанымен, басты одақтасы Қытайдан әлі күнге дейін қалағанын ала алмай отыр. Қытай Ресейдің басып кіру әрекетін «жаулап алу» деп қарамауда. Ресейге қарсы санкцияларға да  қарсы. Осыған қосымша, Қытай экономикалық импорт жасау арқылы Ресейге қолдау көрсетуде. Маңызды технология трансферімен  Ресейдің батыс елдерінің санкцияларынан зиян тартуын азайтуда. Алайда  әскери қолдау туралы әлі сөз болған жоқ.

 

Соғыстың басында Қытай Ресейдің өздерімен ақылдаспай басып кіру әрекетін бастағанын қолдамады және батыс әлемінің өздеріне қарсы келуі де мүмкін деп ойлады. Ресейдің  әлсіреуі мен қанатының астына кіруі стратегиялық пайда деп ойлауы да әбден мүмкін. Қазіргі кезеңде Ресейдің тіпті әлсіреуін және әскери жақтан Украинада үлкен жеңіліске ұшырауын құптайды деп ойламаймын.  Бұл стратегиялық тұрғыдан алғанда Қытай үшін үлкен шығын мағынасына келеді. Қытай Ресей жеңілгеннен кейін өзіне кезек келетінін межелеп, осыған сай қадамдар басуы керек. Өйткені қазірдің өзінде АҚШ «AUKUS» сияқты құрылымдарды салу арқылы Қытайды геосаясат тұрғысынан қоршап алу шараларын жалғастыруда. Сондықтан Ресей АҚШ-тың құрған жаңа одақтастық желілеріне қарсы Қытайдың ең үлкен және маңызды серігі болады.

Қытай алдағы айларда өз талғамын жасайды. Украина майданында Ресейге кең көлемді әскери қолдау көрсету арқылы өз шебін күшейтеді немесе ойынның сыртында қалып,  өз кезегін күтеді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар