Апталық Анализ 22

Палуданның Түркия елшілігінің алдында Құран Кәрімді өртеп жіберу әрекеті жаңа дау-дамай тудырды.

1938713
Апталық Анализ 22

 

 

Швецияда даниялық ұшқары оңшыл саясаткер Палуданның Түркия елшілігінің алдында Құран Кәрімді өртеп жіберу әрекеті жаңа дау-дамай тудырды. Бұған дейін осындай Палудан  арандатушы  әрекеттерді жасағаны үшін  Данияда сотталған. Палудан бұл әрекетті Швецияда үлкен бір оқиға болды. Өйткені Швеция НАТО-ға мүшелік процесінде Түркияның қолдауына мұқтаж және PKK-ға қатысты саясатына байланысты Түркиядан әлі оң жауап алған жоқ. Осы себепті мәселе тек исламға қарсы жағымен шектелмейді. Алайда бұл қорлау әрекетін сөз бостандығы түсінігімен қарастыру қате және  өте қауіпті.

Мәселенің ең маңызды аспектісі--бұл арандатушы әрекеттің құқықтық жағы. Швеция билігінің сөз бостандығына негізделген жоғарыда аталмыш арандатушы  әрекетіне жол беруі адам құқықтары және сөз бостандығының шегінен шығады. Швецияның үкімет деңгейіндегі ресми мәлімдемелерінде айтылған «шексіз сөз бостандығы» тұжырымдамасының бір түрі нақты құқықтық жағдайға түбегейлі сәйкес келмейді. Заңды түрде қарастырылғанда, жасалған мәлімдемелер заңды негізге емес, сөз бостандығы сияқты «жағымды» тұжырымдамаға негізделген саяси тұғыр ұстанымын көрсетеді.  Швеция мен Түркия қатысушысы болып табылатын Еуропаның 46 мемлекеті тарапынан Адам құқықтары туралы Еуропалық конвенция 10-баптың 1-тармағында «әркім өз пікірін білдіру және сөз бостандығына ие» деген сөз тіркестерімен анықтайды

Бұл жағдайда адамдар не қалайтынын айта ала ма? Егер олардың айтқандары миллиондаған адамға, тіпті бір адамға зиян тигізсе, онда сөз бостандығын әлі де қорғау керек пе?

Бұл сұрақтарға жауаптар негізінен 10-бапта берілген. Сөз бостандығын анықтайтын 10-баптың 2-тармағы бұл құқықтың шексіз емес екенін анық көрсетеді; «Іске асырылуы міндеттер мен жауапкершіліктері бар бостандықтар: ұлттық қауіпсіздікті, аумақтық тұтастықты немесе қоғамдық қауіпсіздікті қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алу, денсаулықты немесе имандылықты, азаматтардың беделі мен құқықтарын қорғау үшін заңмен белгіленген белгілі бір нысандағы шарттарға, шектеулерге және санкцияларға байланысты» делінген.

Осы ережелерді нақты оқиғаларға қолдануға қатысты Адам құқықтары туралы Еуропалық конвенцияның  көптеген шешімдері басқалардың беделі мен құқықтарын қорғау критерийлерін бірінші орынға қойған. Сот сөз бостандығын басқаларды нәсіліне, тіліне, дініне немесе жынысына қарай қорлау құқығы ретінде қарастыруға болмайтынын атап өтті. Осы тұрғыда Сот сөз бостандығының шегін белгілеу кезінде пропорционалдылық немесе «құқықтар арасындағы теңгерім» қағидаттарын қолданды.

 Швецияда Құранды өртеп жіберген адамның Құранға деген көзқарасын мүміндердің ар-намысына нұқсан келтірмей жеткізудің көптеген жолдары болғанымен, оның бұл әрекетін басқа адамдардың құқықтары мен ар-намысына нұқсан келтіретіндей етіп жасауы пропорционалды емес деп санау керек. Іс жүзінде, сот дінге қатысты пікірлердің кемсітетін реңкте бар-жоғын және олардың діндарларға тікелей бағытталғанын немесе қасиетті рәміздерге шабуыл болып табылатынын анықтау қажет деген пікірді білдірді.

 Соттың бұл ұстанымы тұрғысынан миллиардтаған адам сенетін Құранды өртеу заңды деп айтуға болмайды. Швецияның саяси немесе сот органдарының бұл диспропорцияны елемеуі іс жүзінде Адам құқықтары туралы Еуропалық конвенцияның  дін және ар-ұждан бостандығын реттейтін 9-бабын және кемсітуге тыйым салуды реттейтін Адам құқықтары туралы Еуропалық конвенцияның  14-бабын бұзуда және әсіресе мұсылмандардың негізгі құқықтарына зиян келтіреді. Сондықтан, Швеция Сыртқы істер министрі өз елінде «сөз бостандығының кең көлемі бар» сияқты жағымды мәлімдемелер арқылы бұл әрекетті жақтауға тырысқаны байқалады.

Көптеген елдер, соның ішінде Швеция террор ұйымы деп санайтын PKK ұйымдарының Швецияда жасаған әрекеттеріне үнсіздік білдіруіне қатысты Адам құқықтары туралы Еуропалық конвенцияның түсіндірме шешімдері де бар. Сот тыйым салынған террористік ұйымдар әлі де  жарияланымдар мен мәлімдемелер жасауда.   

 Террор ұйымының белгілері мен «бәріміз де PKK-мыз» сияқты әңгімелерге негізделген бұл әрекеттердің терроризм және заңсыз зорлық-зомбылықты жылыстату ерекшелігінің бар екені баршаға аян. Адам құқықтары туралы Еуропалық конвенцияның  нақты практикалық заңнамасы бұл жағдайлардың сөз бостандығының шегінен тыс екенін көрсеткенімен, бұл әрекеттерге жол беруді сөз бостандығымен түсіндіруге болмайды. Швецияның лаңкестікке күдіктілерді немесе қылмыскерлерді экстрадициялау, қудалау емес, «сөз бостандығы» деген желеумен бұл әрекеттерге көз жұмып қарауы заңсыз саяси таңдау болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар