Апталық Анализ 14

YPG алдымен Таксимде, одан кейін Өнжүпынар мен Каркамышта  террорлық шабуылдар жасады.

1913972
Апталық Анализ 14

YPG алдымен Таксимде, одан кейін Өнжүпынар мен Каркамышта  террорлық шабуылдар жасады. Осы шабуылдардан кейін Түркияның Сирияда жаңа әскери операция дайындап жатқаны анық байқалуда. Таксимдегі шабуыл PKK-ның жаңа террорлық әрекеттерін көрсетуі үшін өте маңызды. Шабуылшының тез арада ұсталуы  PKK-ның үгіт-насихат жұмыстары арқылы халықты адастыру мүмкіндігін жойды. Түркия болса шабуылға тойтарыс ретінде «Пенче-Кылыч» операциясын бастап, Ирак пен Сириядағы PKK-YPG элементтерін нысанаға алды. Әуе операциясы ретінде жүзеге асырылған операцияның көптеген ерекшелігі бар. Ең алдымен Ирак пен Сириядағы нысаналардың бір мезгілде көзделуі Түркияның кең аумақта  және бір уақытта әуе операциясын жүргізе асыра алатынын көрсетеді. Енді бір жағынан жағынан Сүлейманиямен бірге 70 км тереңдікке бағытталғаны ескерілсе, Түркияның Сирияның кез келген жерінде YPG-ге соққы бере алатыны түсінікті. Әуе операциясынан кейін құрлық операцияның динамикасы мүлдем басқаша.

Құрлық операциясы не үшін қажет екені өте маңызды. Ең алдымен, YPG-ның жалпы Сирия үшін тұрақсыздықтың бір элементі болғаны анық. YPG Сирия ұлттық армиясы орналасқан Африн, Джараблус, Азез және Әл Баб сияқты халқы көп аймақтарға жүйелі түрде шабуыл жасап, бейбіт тұрғындарды нысанаға алуда. YPG сонымен қатар Айнеларабтан Түркияға қарсы шабуылдар жасауда. Халықаралық ұйымдар да YPG-нің өзі бақылауындағы аймақтарда адамзатқа қарсы қылмыс жасағанын үнемі хабарлап отырады. Осы жерде YPG-нің ықтимал шешім аясында Сирияның аумақтық тұтастығына қауіп төндіретінін атап өткен жөн. Өйткені YPG-нің өзін-өзі басқару түсінігі Сирияда шешімді қиындастырады.

Түркия аймақтың тұрақтылығын қамтамасыз ету, аймақты лаңкестіктен тазарту және Түркияда тұратын босқындардың елге оралуына негіз жасау үшін құрлық операциясын қажет деп санайды. Мысалы 2019 жылы Түркияның Ресей және АҚШ-пен жасалған келісімі әлі орындалған жоқ. Бұл келісімдерге сәйкес, YPG Түркия шекарасынан 30 шақырым алысқа шығып, Сирия режим күштері YPG шегінген аймақтарға орналасып, осылайша бұл аймақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болған еді. Алайда мұның ешқайсысы болған жоқ. Түркия тұрғысынан алғанда әскери операциядан басқа таңдау қалмады.

Сонымен, Түркия қандай әскери операция жасайды? Осы тұрғыдан бірнеше сценарий туралы айтуға болады. Біріншісі, Түркия алдымен Тел-Рифат пен Манбидждегі YPG-лік террористерді нысанаға алады. Бұл аймақтардың азат етілуі және Евфрат өзенінің батысындағы аймақтың тұрақтылығы үшін өте маңызды. Сонымен қатар Түркия шекарасының төменгі жағында орналасқан Айнеларабты нысанаға алады. Айнелараб - Сириядағы халықаралық деңгейде мойындалған қалалардың бірі. ДАИШ қаланы басып алғаннан кейін аймақтан келген мыңдаған босқын Түркияны паналауға мәжбүр болған және содан кейін YPG аймақты басып алған еді. Бұл түйінде Түркияның операциясы халықаралық наразылық тудыруы мүмкін. Алайда Түркия YPG-нің мұндағы күшін жоюға бел буған сияқты.

Екінші сценарий бойынша Түркия Евфрат өзенінің шығысындағы шекарасындағы аймақтарға операция жасап, операция аймағын кеңейтеді. Бірақ бұл түйінде  Сирия режимінің YPG-мен бірге болуын ескерсек, операцияның ықтималдығы аз көрінеді. Операцияның орнына Асад әкімшілігі мен Түркия арасында келісім жасауы және бұл аймақтар бұрынғыдай Сирия әкімшілігінің бақылауында болуы мүмкін.

Операцияның тағы бір қыры болса, Түркия операциясына шетелдік актерлердің жақындауы. Ресейдің Украина соғысына байланысты Түркиямен қарым-қатынастарын тығыз ұстағысы келетіні анық. Сондықтан Түркияның Сириядағы құрлық операциясына толығымен қарсы емес екені түсінікті. АҚШ-тың ұстанымы бұрынғы операциялардағыдай қатал емес. Бұл өзгерісті Түркияның Украина соғысындағы маңызының артуымен байланыстыруға болады. Иран операцияға қарсы болған сияқты. Бірақ ішкі дағдарыс Иранның басты мәселесіне айналды. Жалпы жағдай Түркияның пайдасына болып тұрғандай.



Ұқсас жаңалықтар