Ердоғанды туған күнімен құттықтады

Режеп Тайып Ердоған бүгін 66 жасқа толды.

1367000
Ердоғанды туған күнімен құттықтады

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев президент Режеп Тайып Ердоғанды туған күнімен құттықтады.

Әзербайжан Президенттік аппаратының хабарына қарағанда, Әлиев Ердоғанға телефон шалып,  Түркияның болашағы үшін атқарған істерінде табыс пен денсаулық тіледі.

Президент Ердоған да құттықтағаны үшін Әлиевке алғыс айтты.

Телефон әңгімесінде кеше Әзербайжанның бас қаласы Бакуде болған Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 8-ші жиналысының маңызы да атап өтілді.  Басшылар Түркия мен Әзербайжан арасындағы достық пен бауырластық қатынастардың болашақта да жетілетініне деген сенімдерін білдірді.

Ресей президенті Владимир Путин де Ердоғанды құттықтады.

1954 жылы дүниеге келген Режеп Тайып Ердоған бүгін 66 жасқа толды.



Ұқсас жаңалықтар