Әзірбайжан жерінде есірткі өндіріп отыр

Бакуде Халықаралық Есірткімен күрес 36-шы конференциясы басталды.

1183698
Әзірбайжан жерінде есірткі өндіріп отыр

Әзірбайжан премьер-министрі Новруз Меммедов Арменияның басқыншылық астындағы Әзірбайжан террориториясын есірткі өндірісі және сатылуы үшін қолданылғанын айтты.

Әзірбайжанның бас қаласы Бакуде Халықаралық Есірткімен күрес 36-шы конференциясы басталды.

Конференцияны Әзірбайжан үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Әділет министрлігі жанындағы Есірткімен күрес департаменті бірігіп ұйымдастырды. Конференцияның беташарына Әзірбайжан премьер-министрі Меммедов,  АҚШ Сыртқы істер министрлігі Халықаралық наркотика және құқықтық жаза кеңсесі лауазым иесі Ричард Глен, әзірбайжандық министрлер мен 130 елдің басшылары қатысты.

Әзірбайжан премьер-министрі беташарда сөйлеген сөзінде есірткі қолданудың әлем үшін үлкен проблема болуды жалғастырғанын айтып,  есірткінің сонымен бірге терроризмнің қаржы көзі ретінде де халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіргенін атап көрсетті. Әзірбайжанның Таулы Қарабах аймағы мен төңірегіндегі қалалардың 25 жылдан бері Арменияның басқыншылығында екенін еске салған премьер-министр: «Басқыншылық халықаралық терроризм және заңсыз есірткі саудасы үшін ыңғайлы шарттар қамдап отыр. Армения басқыншылық астындағы Әзірбайжан жерін есірткі саудасы үшін қолдануда» деді.

Вице-премьер Али Хасанов та осы тақырыпқа назар аударып,  армяндардың басқыншылықтағы Әзірбайжан территориясында есірткі өндіріп,  қару сатып алып отырғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар