Әзірбайжандықтар Бакуде Ходжалы құрбандарын еске алуда

Әзірбайжан халқы 27 жыл бұрын Ходжалыда армяндар жәбірлеп өлтірген 613 азаматын еске алуда.

1152858
Әзірбайжандықтар Бакуде Ходжалы құрбандарын еске алуда

Әзірбайжанда армяндар 1992 жылы 26 ақпан күні жасаған Ходжалы қырғыны құрбандары он мыңдаған адамның қатысуымен еске алынуда.

Әзірбайжан халқы 27 жыл бұрын Ходжалыда армяндар жәбірлеп өлтірген 613 азаматын еске алу үшін Бакудегі «Ананың азабы» атты ескерткіш орнатылған алаңға жиналды.

Азаттық алаңына жиналған он мыңдаған әзірбайжандық президент Ильхам Алиев және мемлекеттік лауазымдылармен Ананың азабы ескерткішіне жүрді. Түркияның Бакудегі өкілетті және төтенше елшісі Эркан Өзорал, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы өкілі Уфук Тургенер және түрік мекемелері мен қоғам өкілдері қатысқан шерудің артынан Алиев пен қасындағылар ескерткішке гүл шоғы қалдырды. Рәсімнің артынан ескерткіш халыққа ашылды.

Қолдарында Әзірбайжан байрақтары, қырғын құрбандарының фотосуреттері және армян жауыздығына қарсы плакаттар көтеріп ескерткіш алдында жиналған әзірбайжандықтар құрбандарды еске алып, қалампыр қойды. 27 жыл бұрын Таулы Қарабахта, Ходжалыда армяндар жасаған қырғынға куә болғандар көзінен жас тамып, дұға оқыды.

1992 жылы 25 ақпан күні Ходжалыға үш бағыттан шабуылдаған армяндар Кеңес армиясының 366-шы мотоатқыш полкінің жаппай көліктерімен қаланы екі сағат бойынша зеңбірек және танктармен үздіксіз атқылады. Шабуылдан бір күн өткен соң армяндар адамның санасынан кетпейтін «Ходжалы қырғынын» жасады.

Ресми мағлұматтарға қарағанда алдында 7 мың адам өмір сүрген Ходжалыда қорғаныссыз 106 әйел, 70 қария, 63 бала 613 Әзірбайжан азаматы қаза тапты.

Қырғыннан 76-сы бала 487 адам ауыр жарақат алып құтылды. Армян күштері мың 275 адамды тұтқындады, осылардың 150-інің қайда екені әлі белгісіз.



Ұқсас жаңалықтар