Ходжалы қырғыны айыпталды

Түркітілдес елдер парламенттер одағы да Ходжалы қырғынын айыптады.

1152352
Ходжалы қырғыны айыпталды

Түркітілдес елдер парламенттер одағы да Ходжалы қырғынын айыптады.

Одақтың астана Анкарадағы орталығында ұйымдастырылған баспасөз жиналысында армяндар тарапынан жасалған Ходжалы қырғыны айыпталды.

Мәлімдемеде «Бауырлас Әзірбайжанның ең үлкен қайғысын бөлісе отырып, барлық шейіттерге көңіл айтамыз» делінді.

Түркітілдес елдер парламенттер одағы төрағасы Наил Челеби Ходжалы қанды қырғынына көз жұмғандардың Сребреницадағы сияқты сотталуларын талап етті.

Әзірбайжан территорияларының әлі 20 пайызының Армения басқыншылығы астында екенін түсіндірген Челеби Біріккен Ұлттар Ұйымының  4 резолюциясына қарамастан басқыншылықтың әлі де жалғасқанын атап өтті.  

1992 жылы 26 ақпан күні Әзірбайжанның Ходжалы қаласына кірген қарулы армян топтар 613 Әзірбайжан азаматын өлтірді.  Бұл оқиға тарихқа «Ходжалы қырғыны» деп жазылған.

Баршаға аян армяндардың шабуылында  қорғаныссыз 106 әйел, 70 қария, 83 бала 613 Әзірбайжан азаматы қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар