Бакуде халықаралық форум

Бүкіләлемдік Өркениеттер арасы диалог форумы басталды.

279519
Бакуде халықаралық форум

Бүкіләлемдік Өркениеттер арасы диалог форумы Әзірбайжанның бас қаласы Бакуде басталды.


«Мәдениеттерді ортақ қауіпсіздік үшін бөлісу» атты форумда жікшілдіктің алдын алу үшін атқарылғандар талқыланады.


Форумға Түркия атынан Мәдениет министрінің орынбасары Абдуррахман Арыджы қатысуда.


Халықаралық форумға Әзірбайжан президенті Илхам Алиев, БҰҰ Бас ассамблеясының төрағасы Насир Абдулазиз Әл Насыр, ЮНЕСКО төрайымы Ирина Бокова, Ислам Ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Ияд Бин Амин Медени де қатысып отыр.


Әзірбайжан президенті Илхам Алиев ашылу баяндамасында көп мәдениетті және тату-тәтті өмір сүрудің маңыздылығына назар аударды.


Алиев дін және этникалық жікшілдіктің бар екенін, мұның алдын алу үшін өркениеттер арасы келісім құру керектігін атап көрсетті.


Екі күндік форумға көптеген елден 500-ден астам қатысушы келді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар