Гайдар Алиев фотосурет көрмесі

Көрмені Түркияның Анадолы хабар агенттігі, Әзірбайжанның АзерТаг және Юнус Эмре институты бірігіп ұйымдастырды.

145847
Гайдар Алиев фотосурет көрмесі

Әзірбайжанның ұлттық басшысы Гайдар Алиевтің қайтыс болғанына 11 жыл толуына орай фотосурет көрмесі ашылды. Көрмені Түркияның Анадолы хабар агенттігі, Әзірбайжанның АзерТаг және Юнус Эмре институты бірігіп ұйымдастырды.


Бакудегі көрменің салтанатты ашылуына Әзірбайжан Президенттік аппарат әлеуметтік және саяси істер департаментінің басшысы Али Хасанов, ТРТ бас директоры Шенол Гөка, АА бас директоры уәкілі Әбубәкір Шахин, АзерТаг бас директоры Аслан Асланов, Юнус Эмре институты басшысының орынбасары Шабан Чобаноғлу, депутаттар, баспасөз өкілдері мен көптеген қонақ қатысты.

Көрмеден көріністер
Али Хасанов «Бүгінгі көрме үшін Анадолы агенттігіне, Юнус Эмре институтына және АзерТаг-қа алғыс білдіремін» деді.


ТРТ бас директоры Шенол Гөка да Алиевтің «Бір ұлт екі мемлекет» деген сөзін еске салып, осы сөздердің Әзірбайжан-Түркия қатынастарын тамаша түрде баяндап беретінін айтты.


Әзірбайжан-Түркия қатынастарының Гайдар Алиев қалаған іргетаста мықты байланыс қалыптастырып, жетілгенін айтқан Гөка көрменің ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.


АА бас директорының уәкілі Шахин болса Әзірбайжанда өз елінде секілді сезінетінін атап көрсетті.


Ашылу баяндамаларынан кейін қатысушылар Алиевтің жеке өмірі, қатысқан жиналыстары, әлем басшыларымен кездесулері суреттелген фотосуреттер орын алған көрмені аралады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар