Баку-Тбилиси-Карс теміржолы магистралі ашылады

Магистральдің Әзірбайжандағы бөлімінде жұмыс аяқталып қалды.

205240
Баку-Тбилиси-Карс теміржолы магистралі ашылады

Тарихи Жібек жолын темір жол арқылы қайтадан жүзеге асыратын Баку-Тбилиси-Карс теміржолы магистралі жаңа жылда ашылады.

Магистральдің Әзірбайжандағы бөлімінде жұмыс аяқталып қалды.


Құрылысы 2007 жылы басталған теміржолы магистралінде жұмыс қарқындады. Мақсат – тарихи Жібек жолын теміржолмен 2015 жылы қайтадан жандандыру.


Әзірбайжан Қатынас министрлігінің хабарламасына қарағанда, жылдың аяғына дейін сынақ пойыз желіге шығады.


Жоба аясында желінің Түркия және Грузия жағында құрылыс және Түркия-Грузия шекарасында 4 жарым километрлік туннель құрылысы жалғасып жатыр.


Әзірбайжан желінің Грузиядағы бөлімінің құрылысы үшін 775 миллион доллар қаржы бөлді. Қатынас министрлігінің деректеріне қарағанда, Әзірбайжан-Грузия шекарасы бағытында 347 километрлік теміржолы желісі қайтадан салынды.


Жобаға қарағанда, пойыздардың жылдамдығы 140 км/сағ болады.


Теміржолы магистралі іске қосылғаннан кейін жылына үш миллион жолаушы тасиды, 17 миллион тонна жүк тасымалдау әлеуеті болады.


Азия мен Еуропаны бір-бірімен байланыстыруды көздеген Баку-Тбилиси-Карс теміржолы желісін аймақ елдері де қолдана алады.


Желі артынан Транс-Еуропа теміржолымен бірлеседі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар