Әзірбайжан-Ресей ынтымақтастық форумы өтті

Форумда екі ел арасында экономика және білім саласындағы ынтымақтастықтар талқыланды.

105907
Әзірбайжан-Ресей ынтымақтастық форумы өтті

Әзірбайжанның Гебеле қаласында Әзірбайжан-Ресей ынтымақтастық форумы өтті.
Биыл бесінші мәрте өткізілген форумда екі ел арасында экономика және білім саласындағы ынтымақтастықтар талқыланды.
Форумға Әзірбайжан атынан Экономика және өнеркәсіп министрі Шахин Мұстафаев, Ресей атынан Даму министрі Игорь Слюняев қатысты.
Беташар баяндамасын оқыған Мұстафаев екі ел арасында көптеген салада 160-тан астам ынтымақтастық келісім-шартына қол қойылғанын айтты. Форумда екі ел арасындағы сауда айналымына баса назар аударылды.
2013 жылы 2,6 миллиард доллар болған сауда көлемінің 2014 жылы 3 миллиардтан асуы күтілуде. Әзірбайжан Ресейден 1,505 миллион доллардық импорт жасап отыр. Ресейдің артынан 1,463 миллион доллармен Түркия келеді.
Форум аясында қатысушылар Исмаилли аймағындағы орыс текті азаматтар тұратын Ивановка ауылына барды. Артынан қатысушылар Гебеледе өнеркәсіп және туризм орталықтарын аралады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар