Әзербайжан Таулы Қарабақтың басып алынуына  рұқсат бермейді

Ильхам Әлиев "Әзербайжан ешқашан  Таулы Қарабақтың басып алынуына  рұқсат бермейді" деді.

1510170
Әзербайжан Таулы Қарабақтың басып алынуына  рұқсат бермейді

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Таулы Қарабақтың Әзербайжан үшін азаттық күрес екенін білдіріп, "Әзербайжан ешқашан  Таулы Қарабақтың басып алынуына  рұқсат бермейді" деді. 

Ильхам Әлиев Ресейдің "Новости" газетіне сұхбат беріп, журналисттердің сұрақтарына жауап берді.  

Әзербайжан президенті Әлиев қызыл сызықтарын тағы бір рет түсіндіріп, бұл туралы тұғырының айқын екендігі  жайлы мәлімдеме жасады. 

Әлив "Біздің тұғырымыз әрқашан байсалды болды. Қызыл сызықтарымызды айқын түрде белгіледік. Әзербайжанның территория тұтастығын ешкім бұза алмайды. Әзербайжан ешқашан Таулы Қарабақтың басып алынуына рұқсат бермейді" деген сөздер қолданды. 

Әлиев әрбір соғыстың аяусыз екенін баяндап, бұл соғыстың Әзербайжан халқы үшін азаттық, ал Армения үшін басқыншылық соғыс болғанын түсіндірді. 

Әзербайжан президенті ақылы әскерлердің Әзербайжан армиясында орын алғаны жайлы пайымдауды теріске шығарып, "Әскери тұрғыдан шетелдік әскерлерге  мұқтажымыз жоқ. Армиямыз 100 мыңнан астам әскерден құралады. Жасақтарымыз әрқандай міндетті атқара алады." деді. 

Армения премьер-министрі Никол Пашинян болса шепте қиын жағдайға душар болғанын баяндап, шығынның өте көп екенін білдірді. 

Пашинян "Мәскеуде қабылдаған шешімді атқаруға дайынбыз" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар