Таза энергия көзі ізденісі

Жер шары - ортақ үйіміз 47

422357
Таза энергия көзі ізденісі

Осы соңғы бір айдан бері ғаламшарымыз одан сайын ластанды. Ең кемінен ғаламшарымыздың күнделікті радиация мөлшері көтеріліп отыр. Атом станцияларымен байланысты бірнеше аптада көптеген нәрсені айттық. Атом станцияларына қатты беріліп, жаһандық ысынудың ғаламшарымызға тигізген зиянын ұмыттық деп ойламаңыздар. Атом станциялары болса да, болмаса да ғаламшарымыздағы тіршілік жалғасуда және жаһандық ластану процесі де бар күшімен жалғасуда. Мысалы осы айдың басында бүкіл агенттіктерге Солтүстік полюсте озон қабатындағы қауіптің рекорд деңгейге ұласқаны жайлы жаңалықтар келіп түсті. Бұл жаңалық маңызды болатын. Әлем метеорология ұйымы Солтүстік полюсте осы қыс мұздықтардың 40 пайыз жойылғанын хабарлады. Бұдан бұрын бұл көрсеткіш қыс маусымында 30 пайыз болған еді. Біріккен Ұлттар Ұйымына қарасты жұмыс істеген Әлем метеорология ұйымына қарағанда, озон қабатының зиян көруінің негізгі себебі химиялық заттар. Бұл заттар атмосфераның ең жоғарғы сатысындағы суық ауада одан әрі зиян келтіретін дәрежеге жетеді. Білетін шығарсыздар, озон қабаты күннің сәулесімен келген және тері ісігі ауруына себеп болған ультра күлгін сәулелерін тоқтатып, қорған қызметі атқарады. Озон қабатына зиянын тигізген химиялық материалдардың қолданылуы Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен 1987 жылы қол қойылған Монреаль хаттамасы арқылы жайлап азайтылуда. Есептеулер бойынша зиян толығымен 2045 жылы жойыла алады. Бірақ лауазымдыларға қарағанда, бұл кезең 2060 жылына дейін созылуы мүмкін.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар