Таза энергия көзі ізденісі

Жер шары - ортақ үйіміз 47

422359
Таза энергия көзі ізденісі

Қытай әлемнің ең ірі экономикаларының бірі болып табылады. Осыншама мықты бір экономикаға қажет энергияның біразы атомдық энергия арқылы қамтамасыз етіледі. Жоғарыда айтқанымыздай, жаңартыла алатын энергия көздеріне бағыт алуды мақсат еткен Қытай әкімшілігі сондай-ақ атом энергия инвестицияларының жалғасатынын, Жапонияда болған зілзала мен цунамидің артынан пайда болған радиация дағдарыс себепті атом энергиясын дамыту жобаларынан бас тартпайтынын мәлімдеді. Қоршаған орта сақтандыру министрлігінің Атом қауіпсіздік директоры Тиэн Джиашу атомдық энергия технологияларына толығымен сенгендерін атап, «ең жақсы атом қауіпсіздік стандарттарын белгілегендерін» айтты. Қытайлық лауазымды АҚШ және бұрынғы Кеңес Одағында болған авариялардан сабақ алғандарын да атап көрсетті. Тиэн бұл айдың ішінде қауіпсіздікті қайта тексеру үшін жаңа жобалардың дайын екенін, бірақ атомдық энергияны тыс қалдырмайтындарын атап, «тұншығу қаупі бар деп тамақ ішуді тастамаймыз» деді. Қытай соңғы 20 жылда 13 реакторлық 7 станция салды. Бұдан бұрын да Қытай 10 жылдың ішінде 53 реактордан тұратын 26 станция салуды жоспарлағандарын мәлімдеген болатын.
Ғаламшарымыздағы ластанудың ең үлкен зиянын кейбір жануарлардың шеккені шындық. Швейцариядағы Халықаралық табиғатты қорғау одағы жүргізген зерттеулер нәтижесінде Жерорта теңізіндегі балық түрлерінен 40-қа жуығы бірнеше жылдың ішінде тауысылуы мүмкін. Сондай-ақ Жерорта теңізіндегі ит балық пен скат түрлерінің жартысына жуығы жойылу қаупі астында. Себептері болса көп аулау, теңіз ластығы және балықтардың тіршілік алаңдарының бұзылуы. Ең үлкен қауіп алдында тұрған балықтар болса тунец, алабұға және мерланг.
Естеріңізде болар, біраз уақыттан бері әлемнің көптеген жерінде егіншілікте қолданылған химиялық дәрілер себепті аралар жойылған болатын. Аралардың жойылуы егістіктердің зиян көруіне, жойылуына себеп болды. Бұл мақсатпен араларды кері қайтару үшін жұмыстар жүргізілуде. Англияда соңғы жылдарда жайлауға жабайы гүлдер егу жоспарланады. Іске қосылған жоба бойынша диқандардан «Yorkshire» ауылдық аймағына көктікен және қызыл жоңышқа сияқты қыр гүлдері егулері талап етілді. Лауазымдылар Англияның 1930-шы жылдардан бастап, қыр гүлдері алаңдарының 97 пайызын жоғалтқанын атап, «ара жолдары» жобасының бал арасы санын арттыруына үміттенетіндерін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар