Таза энергия көзі ізденісі

Жер шары - ортақ үйіміз 47

422358
Таза энергия көзі ізденісі

Жаңартыла алатын энергия көздерінің ең маңызды тұлғаларының бірі – жел энергиясы. Жапония зілзаласы, цунами және артынан келген атомдық апат барысында қауіпсіздігі бекітілген жалғыз энергия станциялары жел станциялары болды.
Жапония Жел энергиясы одағы зілзала мен цунамиден ешбір жел трибунасына зиян келмегенін және толығымен жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Зілзала орталығына өте жақын болуына қарамастан жел энергиясы трибуналары жұмыстарын мәселесіз жалғастыруда. Әлем энергия одағы (WWEA) төрағасы Проф.Шуиши Аракава Жапонияның жаңартыла алатын энергияға, әсіресе жел энергиясына қатты көңіл бөлу керек екенін атап айтты. Біздіңше зілзаладан кейін қажеттілігі жалғасқан энергияның осы жолмен қамтамасыз етілуі ең дұрыс әдіс. Басқа жағынан таза энергия ізденісіндегі әлем мемлекеттері бұл энергия түрінің инвестициялық шығынын азайту үшін бар күшін жұмсауда. Бұлардың бірі болса Қытай. Соңғы жылдары жаңа трибуналар арқылы қамтамасыз етілген күн энергиясы бағаларының жылдам төмендеуі фотоволтаик материал саласының жайылуын арттырды. Күн энергиясы саласындағы бағалардың жылдам азайғаны соншалықты, өткен күндерде экономика телеарнасы «Bloomberg»-те орын алған бір хабарда күн энергиясының қысқа уақыттан соң көмірмен бәсекеге түсетінін күн тәртібіне әкелді.
Хабарда жылдам және мықты технологиялар арқылы 2020 жылында ватт басына фотоволтаик құрылу бағасының 1,45 долларға азаятыны жөніндегі болжамға орын берілді. Бұл жағдайға үлгі ретінде көрсетілген ел болса Қытай. Қытайдың күн энергия фирмалары ватт басына шығындардың 1 долларға төмендейтінін алға тартуда. Қытайдағы көптеген күн энергиясы фирма шығындарын маңызды мөлшерде және табысты түрде азайтты. Бұл фирманың табысындағы маңызды басқа бір факторлардың бірі де Қытай үкіметінің күннің күшін 2015 жылға дейін 5 гигаваттан 10 гигаваттқа көтеру және зілзаладан зиян көрген атом станцияларының орнына күн энергиясы станцияларын құруды нысанаға алғаны жөніндегі мәлімдемесі болды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар