Жаһандық азық-түлік бағалары қауіпті деңгейде

Жер шары - ортақ үйіміз 40

414098
Жаһандық азық-түлік бағалары қауіпті деңгейде

Егіншілік алаңдарының барлық әлемде шектен тыс азаюы жаңа егіншілік алаңдарын өндіру қажеттілігін ортаға шығаруда. Бұл себепті жаңа өркендеп жатқан мемлекеттер басқа елдердің егіншілік алаңдарына назар аударып жатыр. Қаржы жағынан мықты, тұрғын саны көп, бірақ су көздері жеткіліксіз даму жолындағы мемлекеттер дамудың есігіндегі және кедей мемлекеттерде жерге инвестиция салуда. Бұл мемлекеттер Қытай, Оңтүстік Корея, Шығанақ мемлекеттері немесе Үндістан сияқты елдер. Бұл мемлекеттердің мемлекеттік мекемелері немесе жеке инвесторлары даму жолындағы мемлекеттерде сатып алу және жалға алу келісімдерімен ірі егіншілік алаңдарын өзіне бағындырады. Осында өндірілген өнімдер тек қана инвестицияны салған мемлекетке экспорт жасай алады.
2008-ші жылдан бастап, азық-түлік бағаларының өте артуымен жер сатып алуға беталыс та артты. Егіншілік алаңдары бұл себепті назар аударарлық инвестиция құралына айналды. Бұл себептен кең жерлерде өмір сүрген жергілікті халықтар қоныс аударылады және көшуге мәжбүр болады. Мұның ең үлкен зияны тағы да даму жолындағы мемлекеттерде өмір сүретін халыққа тиеді. Бұл жерлерді алып сату жұмыстары өкінішке орай жасырын түрде жүргізіледі. Осы себептен нақты санды көрсеткіштер ешқашан ортаға шықпайды. БҰҰ Азық-түлік және егіншілік ұйымының болжамдарына қарағанда, 2006-2009 жылдар арасында шамамен 33 миллион гектар жер сатып алынды. Вашингтондағы Халықаралық Азық-түлік саясаты институты бұл инвестициялардың көлемінің 30 миллиард долларды құрағанын болжауда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар