Жаһандық ысыну және азайып жатқан азық-түлік өндірісі мәселесі

Жер шары - ортақ үйіміз 23

306576
Жаһандық ысыну және азайып жатқан азық-түлік өндірісі мәселесі

Ғаламшарда соңғы жылдары болып жатқан және «жаһандық апат» деп аталған жаһандық климат өзгерісінің алдымен ауылшаруашылығы саласына әсер ететіні өте анық. Ауылшаруашылығы деген сөз – астық пен коректену деген сөз. Тек қана адамдар үшін емес, жан-жануардың коректену мәселесі де аса маңызды жайт. Жылдам жарамсыз күйге айналған егістік алаңдар қазір қажетті астық сұранысын қамтамасыз етуде жеткіліксіз. 2008 жылы 6.7 миллиард болған әлем адам саны 2025 жылы 8 миллиардқа ұласады. Алайда БҰҰ-ның адам саны көрсеткіштері туралы мамандардың айтуынша бұл көрсеткіш 7 миллиард төңірегінде болуға тиісті. Көбейіп бара жатқан адам саны заңды түрде егіншілік тұрғысынан «астықты одан көп адам бөліседі» деген сөз. Яғни, қазіргі өндіріс мөлшері егер кезкелген бір себеппен азаймағанда, басқаша айтқанда егіншілік алаңдары бір қалыпты тұрған жағдайда, 6.7 миллиард адамды коректендіретін астық мөлшері кейінгі жылдары 8 миллиард адамға жұмсалады. Мамандар алдағы 25 жылда астық сұранысының бүкіл әлемде шамамен 64 пайыз, даму жолындағы мемлекеттерде болса 100 пайыз артатынын болжауда. Жаһандық ысыну процесі жалғасатын болса, негізгі астықты өндіруші диқандардың бүкіл әлемде жыл сайын 70 миллион артып отырған адам санын тамақтандыруы қиын көрінеді.
* * *
Өткен ғасырда жаһандық ысыну толқыны қатты сезілмеген, әсіресе ауылшаруашылығы саласының жақсы тұғыры, 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде егіншілік саласы үлкен табыстарға қол жеткізді. Әлемнің негізгі астығы ретінде бидай, жүгері және күріштің өнімі арттырылды. Ұзақ мерзім өндіріс адам санынан көп жүзеге асты. Астық өнімдеріндегі түрленумен астық бағалары да арзандады. Ең маңыздысы хроникалық ашаршылық азайтылды. Бұл керемет жаңалық даму технологиялық және ғылыми жаңалықтардың артынан қолданылған жаңа дәндерге, тыңайтқыштарға, егіншілік улар және кең суару жүйесімен байланыстырылады. Бірақ астық өндірісіндегі бұл молшылықтың онша көзге түспейтін тағы бір себебі бар: Өндірісті ең жоғарғы деңгейге жеткізу мақсатты табиғи резервтерді шексіз қолдану арқылы бұзылған егіншілік әдістері. Басқаша айтқанда жалғастырыла алмайтын ауылшаруашылығы.
* * *
Ғаламшарымыздағы табиғи резервтердің жойылуында ең үлкен жауапкерлердің басында ауылшаруашылығы келеді. Ауылшаруашылығы құрлықтардың жер асты минералдарын тауысады. Резервтердің соңғы елу жылда бақылаусыз қолданылуы нәтижесінде көптеген аймақ резервтерінен айырыла бастады. Қазір резервтердің жылдам тауысылған, өндіріс 1950-1984 жылдарымен салыстырғанда әбден азайған және астық сұранысы артқан бір кезеңде өмір сүрудеміз. 30 жылдан астам бір мерзім бойы адам санынан асатын дән өндірісі, енді артып отырған тұрғын санынан артта қалған.
* * *
Соңғы жылдары әлемнің маңызды егіншілік өндірісімен шұғылданған мемлекеттерінде жалпы дақыл өндірісі қатты азайды. Жаһандық ысынудың салдарынан пайда болған жылы ауа толқындары дән өндірісінің азаюына себеп болды. Мысалы 2002 жылы бүкіл әлем сынаған рекорд ысыну мен артынан келген қуаңшылық Үндістан, АҚШ және Канада да өндірісті сол жылдағы тұтынушы мөлшері болған 89 миллион тоннаның астына түсірді. Естеріңізде шығар, 2003 жылы жоғары температура Еуропаға қатты әсер етті. Жаһандық ысынудың салдарынан сегіз бөлек мемлекетте 35 мың адам қаза тапты. Франциядан шығысындағы Украинаға дейін жалпы әр елдің дән өндірісі азайды. Жасалған есептерге қарағанда сол жылы әлемнің астық өндірісі 94 миллион тонға түсті. Яғни сол жылы әлем дән өндірісі шамамен 5 пайызға төмендеді. Мамандар мен ғалымдар осының себеп салдарын зерттей бастады. Осы зерттеуді жүргізгендер Қытай, Үндістан, Филиппин және АҚШ-тың ғалымдары болатын.
* * *
Қоршаған ортаға ыңғайлы егіншілік әдістеріне деген қызығушылықтың бүкіл әлемде артуы жақсы бір жаңалық. Топырақтың сапасын жетілдіру, егіншілік уы қолданысын азайту, суды үнемдеу және генетикалық түрленуді қорғау мақсатты шараларды бірнеше жетік тәжірибелі диқан немесе ғалым емес, үкіметтер мен халықаралық мекемелерде мақұлдайды.
Бірақ астық өндірісін жалғасты бір негізге тиянақтау үшін атқарылған жұмыстар жеткіліксіз және шектеулі. Осында ұмытпауға тиісті жалғыз нәрсе ауылшаруашылығы өз күшімен тіршілігін жалғастыру үшін «жалғастырылатын егіншілік» шараларын жүзеге асыру керек.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар