Ауыл мен мал шаруашылығының жаһандық ысынуға әсері

Жер шары - ортақ үйіміз 14

226394
Ауыл мен мал шаруашылығының жаһандық ысынуға әсері

Жаһандық ысыну әлем мен Түркиядағы ауыл шаруашылығына қалай әсер етеді?
Бүгін әлемнің 30 пайызында су тапшылығы бар. Бұл мөлшер 1970-ші жылмен салыстырғанда төрт есе артқан. Естеріңізде болар «жаһандық ысыну» және климат дағдарысы алғаш күн тәртібіне келген кезде, БҰҰ 2005 жылы жариялаған рапортпен кез келген алты мемлекеттен бірінің сусыздыққа байланысты ашаршылық шеккенін және осының ұзақ жылдарға жалғасатынын ескерткен болатын. Бұл аяда БҰҰ бастамасымен Африка құрлығындағы ашаршылық және сусыздық шеккен аймақтарға жәрдем жіберіледі.
Берекелі топырағы жылдам кебе бастаған және қартайған құрлықтың азаматтары ретінде африкалықтардың 70 пайызы өмір сүру үшін жаңбырға бағынышты құрғақ ауылшаруашылығын жалғастыруға тиісті. 2004 жылы Батыс Африкада шегірткемен күрес аясында армияның да шақырылғаны баршаға белгілі. Қай жерден және қалай пайда болғаны белгісіз осы шегіртке тобының көптігі ғалымдарды да таң қалдырған болатын. Соншама қиын жағдайда бой көтерген егістіктер бір мезгілде жойылып кетті. Бұл оқиғаның артынан 2006-шы жылы Эфиопия, Нигер және Сомалиде 17 миллион адам ашаршылыққа душар болды.
* * *
Кейбір рапорттарға қарағанда алдағы 35 жылда Африка құрлығының оңтүстігіндегі су резервтерінің жартылай азаюы күтіледі. Мамандар бұл жағдайдың шамамен 100 миллион адамның зардап шегуіне себеп болатынын пайымдауда. Технологиялық ластанудан аулақ, тек қана табиғи және қоршаған ортаға зиян келтірмей өмір сүрген осы адамдардың жазығы не десеңізші? Азиядағы жағдай да көңілге толарлықтай емес. Әсіресе Ганг, Брахмапутра, Меконг және Янцзы секілді өзендер арқылы күріш егістіктері суарылып отыр. Бұл өзендер мұздықтар арқылы толады. Мұздықтар болса уақыт өткен сайын еріп, жылдам кішіреюде. Мамандар 2040 жылға дейін бәрі жоқ болуы мүмкін деген пайым жасауда. Осы жерде ақылға бір сұрақ қонады... Нашар жағдайдағы соншама адам қалай тамақтанады?
* * *
Климат өзгерістерінің ең ауыр зияны өкінішке орай ауыл шаруашылығына әсер етеді. Бірақ басқа тұрғыдан қарасақ, климат өзгерісі қылмыскерлерінің бірі де ауыл шаруашылығы саласы болып табылады. Баршаға мәлім климат өзгерісінің негізгі себебі - атмосферадағы зиянды газдардың артуы. Осы зиянды газдардың бірі ретінде метанның өнеркәсіп орындарынан тыс атмосфераға жіберілуінде маңызды екі себеп бар: Күріш егістіктері және мал қоралары. Сондай-ақ тағы зиянды газ болып табылатын азот оксидтің бір бөлігі де химиялық тыңайтқыштарды көбірек пайдаланумен ортаға шығады. Тамақтану үшін ауыл шаруашылығы мен айналысқан, жеміс-көкөністер егіп, мал баққан адамдардың климаттың өзгеруіне әсер еткен адамдар екеніне сену өте қиын емес пе? Бірақ өкінішке орай жағдай осы!..
Әлемде күн сайын артқан ет сұранысын қамтамасыз ету үшін жүргізілген өндіру жұмыстары арқылы әрі көп су жұмсалады, әрі бірдей жер көлемінде аз өнім алынады. 50 кіле ет өндіру үшін қолданылған ауыл шаруашылығы аймағынан 6 мың киле сәбіз, 4 мың кіле алма және мың кіле шие өндіріле алады. Осы мысал көрсеткендей қолдағы жерді ең үнемді түрде пайдалануға міндеттіміз. Басқа жағынан қарағанда өте кең, ауқымды жерлерге құрылған мал қоралары ластанудың тағы бір себебі болып табылады. Осы өнеркәсіптік қора жайлар мен жемдік өндіру үшін пайдаланылған жер шаруашылығы алаңы кең және ауқымды жерлердің егістіктен айырылуына, атмосферадағы зиянды газдардың артуына да себеп болады. Бірақ әдеттегі малшылық жүйесі мен ережесі малдарды табиғи жайлауларда жемдеу негізіне бейімделген.
* * *
Енді астық жағдайына көз жүгіртейік. Сусыздыққа шыдамды дәндер әр мемлекеттің климат шарттарында бұрын өндірілген дәндер арасынан және табиғи түрленудің қайталануымен қамтамасыз етіледі. Сондықтан дәндерді басқаша айтқанда генетикалық тұрғыдан табиғи түрде қорғаудың маңыздылығы байқалады. Ол – астықтың қауіпсіздігі. Бүгінгі таңда көптеген мемлекет ауыл шаруашылығында көбінесе импортталған және құнарсыз дәндер пайдаланылады. Бұл астық қауіпсіздігі тақырыбында бізді бағынышты қылады. Жергілікті дәндер болса тек қана табиғи емес, оған қоса мәдени бір кезеңнің өнімі болып табылады.
* * *
Ауыл шаруашылығының өнеркәсіп моделдегі өндіріске бағытталу; нағыз астық өндірушісі кіші жайлық қожайындарының тіршілігін қиындатады. Ластануға және эрозияға себеп болады. Экологиялық және табиғатты қорғайтын әдістер, орта және кіші мөлшерлі шаруа мекемелерінің өндірісі, барлық жағынан ауылдың тіршілігі ауыл шаруашылығы жолындағы жалғыз шешім болып көрінеді. Бірақ тұрақтанбаған сұраныстың алдында табиғи өндіріс жеткіліксіз қалады.
Міне, тағы адам тақырыбына келдік. Бұл да әрқашан болғандай жекеше түрде шешім іздеу керек деген мағынаға келеді. Мысалы коректену дәстүрімізге кейбір өзгерістер енгізуге тура келеді. Біздер, алғашқы шара ретінде жергілікті базарда саудаласып шикі жеміс пен көкөніс сатып алмауға тиістіміз.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар