Киото келісімі және зиянды газдар мәселесі

Жер шары - ортақ үйіміз 09

243134
Киото келісімі және зиянды газдар мәселесі

2009 жылы қаңтар айында Түркия Киото хаттамасына қол қойды. Аталмыш шешім 2009 жылы Копенгагенде өткен тарихи маңызы бар БҰҰ Климат келіссөздерінің дайындық жиналысы қарсаңында қабылданды. Баршаға мәлім, жаһандық жылынудың басты себептері – зиянды газдар. Негізінде ғалымдардың ойынша бұл газдар пайдалы. Себебі олар атмосферада Күннен келетін жылуды ұстайды, бізге ыңғайлы атмосфера қалыптастырады. Олар болмағанда, Күннен келетін жылу Жер шарынан қайта оралып, ғарышта жоғалып кетер еді. Сондықтан «жылыжай» деп аталатын осы құбылыс Жер шарының ыстық болуын қамдайды. Бірақ адам баласы қатынас, электр тұтыну, өнеркәсіп секілді факторлар арқылы атмосфераға артық көміртегі газын жібергендіктен, теңдік бұзылады. Атмосферада жылуды ұстайтын көміртегі артқан сайын әлем жылынады, климат өзгереді, мұздықтар ериді. Осы өзгерістердің алдын алу үшін БҰҰ басшылығында Киотода бір жиналыс өткізілді. Бұл жөнінде сізге қысқаша мағлұмат бергіміз келеді.
* * *
Киото келісімі БҰҰ-ның 1997 жылғы Жапониядағы жиналысына қатысушы үкіметтер тарапынан қабылданған бір келісім болып табылады. Бұл келісім дамыған елдердің зиянды газдардың шығарылуын 2008-2012 жылдар арасында 5,2 пайыз азайтуын көздейді. Киотодан бұрын жақындап қалған жаһандық жылынудың әсерінен құртылғысы келген үкіметтер 1992 ж. Риодағы Бүкіл әлемдік жиналыста климат өзгерісімен күресу шешімін қабылдаған болатын. Рио жиналысында климат өзгерісіне байланысты «Алдын ала келісім» дайындалды. Аталмыш осы келісім зиянды газ шығаруды тұрақтандыруды көздеді. Бірақ келісімнен кейін зиянды газ шығаруда өзгеріс байқалмады. Осыған орай келісімдегі кейбір баптар өзгертілді, Киото хаттамасы осылай туындады.
* * *
Үкіметтер, мамандар және ғалымдар бірге жұмыстанған аталмыш хаттаманың баптарына бірге көз жүгіртейік. Осы хаттамаға қол қойған елдер көміртегі және «жылыжай» секілді әсер ететін бес газдың шығарылуын «азайтамыз» деп уәде берген болатын. Азайта алмаса зиянды газды аз шығаратын бір елден «газ шығару құқын» сатып алады. Басқа бір әдіспен де көміртегі газын соратын ағаштарды молынан отырғызуға ынталандырады.
Айырықша хаттама елдердің атмосфераға жіберген көміртегі газы мөлшерін 1990 жылғы деңгейге төмендетуін көздейді. 1997 ж. қол қойылған хаттама 2005 жылы ғана іске қосылды. Мұның себебі хаттаманы бекіткен елдердің 1990 жылғы көміртегі мөлшерінің жер бетіндегі сорылуының 55 пайызын қалыптастыруы шарты болатын. Осы көрсеткішке сегіз жылдан кейін Ресейдің қосылуымен қол жеткізілді.
* * *
Киото хаттамасы тап қазір жер бетіндегі 160 ел мен зиянды газдың шығарылуының 55 пайызын қамтуда. Хаттама арқылы іске қосылатын шараларға қымбат инвестициялар қажет. Келісімге қарағанда, ең маңызды бап атмосфераға шығарылатын зиянды газ мөлшерінің 5 пайызға төмендетілуі. Бұдан басқа да өндірістен, моторлы көліктерден, жылудан туындайтын зиянды газ мөлшерін азайтуға бағытталған заңдардың да қайтадан реттелуін көздейді. Айырықша аз энергия қолданатын технология жүйелерін өнеркәсіпке орналастыруға мүмкіндік береді және қатынаста, қоқыс жинауда қоршаған ортаға ыңғайлы түсінік алғы шепке шығарылады.
Киото хаттамасына қарағанда, атмосфераға жіберілген метан және көміртегі мөлшерін азайту үшін балама энергия көздеріне бағыт алу, қалдық жағармайдың орнына био жағармай қолдану жер шары үшін өте маңызды.
Тағы да хаттамаға қарағанда, цемент, темір-болат, извест фабрикалары секілді көп энергия тұтынатын кәсіпорындарда қалдық жүйесі қайтадан реттеледі. Жылу электр станцияларына аз көміртегі шығаратын жүйелер қондырылады. Әлем елдері күн энергиясын қолдануға мүмкіндік жасайды, атомдық энергияда көміртегі болмағандықтан, осы балама энергия көзіне бағытталады.
* * *
Киото хаттамасы тақырыбын алдағы бағдарламаларымызда жалғастырамыз. 2012 жылынан кейінгі елдердің жауапкершіліктерін баяндап береміз. Жоғарыда да айтқанымыздай, Түркия Киото хаттамасына қол қойды және хаттамаға тарап болды.
Халықаралық күн тәртібінің басында климат өзгерісі келеді. Дүниежүзілік елдер климат өзгерісімен күрес аясында осы хаттаманың орындалуында табанды. БҰҰ-ның абыройлы елдерінің бірі болып табылатын еліміз 2008 ж. 30 мамыр күні аталмыш хаттамаға қол қоятынын хабарлаған болатын. 2009 ж. 5 ақпан күні де келісім мәжілісте бекітілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар