Түркия Теле Радио Корпорациясы 53 жасында

Баршаның өмірінде із қалдырған Түркия Теле Радио Корпорациясы бүгін 53 жасында.

TRT бас директоры Шенол Гөка мен қасындағы делегация осы мерекеге байланысты Анытқабірге барды.

Президент Режеп Тайып Ердоған да TRT-ні мерекесімен құттықтады.

«Жаңа арналары және көп тілді эфирлерімен көрермен қауымын күн өткен сайын арттырып отырған Түркия Теле Радио Корпорациясы бүгінгі таңда әлем теледидарлары арасында беделді орынға ие болды» деді ол.

13 теле арнасы, 17 радиосы және 41 тілде хабар тарататын веб парақшасымен TRT – әлемдік бренд.

TRT арналарын, радиоларын және интернет парақшаларын Таяу Шығыстан Кавказға, Балқаннан Орталық Азияға дейін ауқымды территорияда миллиондаған адам тамашалайды.