Түріктің әскери ұшағы
Түрік Авиация және Ғарыш өнеркәсібі (TUSAŞ) 2023 жылдың 18 наурызында ангардан шығуы жоспарланған Ұлттық әскери ұшақтың жаңа анимациясын жариялады.
TUSAŞ әлеуметтік желідегі аккаунттарынан «Тәуелсіздік пен болашақ үшін, аспанды қанаттарымен толтырады» деген ұранмен отандық ұшақтың мүмкіндіктерін көрсететін 2 минуттық жаңа анимациялық фильмді жариялады.
Түрік қорғаныс өнеркәсібінің ең маңызды жобаларының бірі ұлттық әскери ұшақ 2023 жылдың 18 наурызында ангардан шығады деп күтілуде.