"Tayfun"-ның екінші сынағы сәтті аяқталды
Түркияның отандық және ұлттық ресурстармен әзірлеген алғашқы баллистикалық зымыраны "Tayfun"-ның (Тайфун) екінші сынақ ұшыруы сәтті аяқталды.
Бүгін таңертең Ризе-Артвин әуежайында атыс болды.
Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының төрағасы Исмаил Демир әлеуметтік желідегі парақшасында атыстың суреттерімен бөлісті.
"Tayfun" аяқталғаннан кейін 1000 шақырым қашықтыққа жетеді деп күтілуде.
"Tayfun"-ның алғашқы сынақ ұшыруы 22 қазанда Ризе-Артвин әуежайынан жүзеге асырылды.