«1915 Чанаккале көпірі» ертең ашылады
Жаңа көпірді президент Режеп Тайып Ердоған ашады.
Ерекшеліктеріне орай «символдардың көпірі» деп аталған, «орта қашықтықтар үшін салынған әлемдегі ең ұзын көпір» атағына ие, ұзындығы 4 608 метр болатын ««1915 Чанаккале көпірі» екі құрлық арасындағы сапар мөлшерін алты минутқа жеткізеді. Көпірде Жер шарын төрт рет айналып өтуге жетерлік 162 мың километрлік сым қолданылған. Көпірдің екі жағы арасындағы 2023 метрлік қашықтық Түркия Республикасының 100 жылдық мерейтойы атап өтілетін 2023 жылына орай жоспарланды. 318 метрлік болат мұнаралары да Чанаккале Теңіз жеңісіне қол жеткізілген 1915 жылғы 18 наурыз күнін бейнелейді. Мұнаралары түрік туының қызыл және ақ түстеріне боянған.