Израиль тұтқындаған бір палестиналықтың әйелімен қоштасқан сәті

Бір палестиналық израильдік күштер тарапынан жолдың шетінде қолына кісен салып тұтқындалғанда әйелін соңғы рет құшақтап тұрған бейнекөрінісі жарияланды.

Рамаллахтан қайтып келе жатқан Джаспер Бади Двейкат басқыншылық астындағы Шерияның батысына қарасты Наблустың оңтүстігіндегі Хувара әскери бақылау бекетінде тоқтатылды.