Иманбек Зейкенов Grammy сыйлығын жеңіп алды

Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығын жеңіп алды.

Иманбек өткен жылдың желтоқсанына дейін жергілікті темір жол стансасында жұмыс істеп келді. 2019 жылдың жазында Saint Jhn атты рэпердің Roses атты әнін тауып, соған ремикс жазуды қолға алады. Иманбек әнге ремикс жазып, оны әлеуметтік желіде жариялады. Арада бірнеше ай өткенде ол поп жұлдызға айналды.