Ұлттық Қорғаныс министрі Катарда
Гүлер сапар аясында Катар премьер-министрінің орынбасары және Қорғаныс істері министрімен кездесті.

Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер ресми сапармен Катарға барды.
Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда министр Гүлер сапар аясында алдымен Катар премьер-министрінің орынбасары және Қорғаныс істері министрі шейх Сауд Бин Абдуррахман Бин Хасан Бин Али Әл Санимен кездесті.
Әскери салтанатпен қарсы алынған Яшар Гүлер катарлық әріптесімен екіжақты аймақтық қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Кездесуден кейін Түркия мен Катар арасында жан-жақты ынтымақтастық хаттамаларына қол қойылды.
Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде «Біздің министрлікке қарасты «ASFAT AŞ», «MKE AŞ» және Катар Қорғаныс министрлігіне қарасты «Barzan Holding» арасында қорғаныс және инвестиция салаларын қамтитын кең ауқымды ынтымақтастық хаттамаларына қол қойылды. Қол қойылған хаттамалар Катар мен Түркия арасындағы бірлескен инвестициялар мен ынтымақтастықты қамтып, екі ел келісетін кез келген үшінші елмен ынтымақтастық орнатуға және дамытуға бағытталған» делінген.