15 палестиналықты Түркия қабылдайды
Израиль мен Хамас арасындағы атысты тоқтату келісімі бойынша 15 палестиналықты Түркия қабылдайды.

Қауіпсіздік көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда, Израильдің 2023 жылдың 7 қазаны мен 2025 жылдың 13 қаңтары аралығында Газа секторына жасаған шабуылдарында шамамен 50 мың адам қаза тауып, 100 мыңнан астам адам жарақат алған.
Израиль тарапынан жылдар бойы түрмеде отырған мыңдаған палестиналықпен қатар Газада 15 мың адам әртүрлі себептермен тұтқындалды.
Атысты тоқтату келісімінде Израиль кепілге алынғандарды босату үшін кейбір тұтқын мен сотталғандарды босатады деген ереже орын алды. Израиль өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген кейбір тұтқындар босатылған соң Палестинадан шығарылуын және ешқашан оралмауын талап етті.
Президент Режеп Тайып Ердоғанның нұсқауымен атысты тоқтату келісіміне қолдау көрсету мақсатында Түркия да түрмеден шыққаннан кейін елінен кетуге мәжбүр болған осы палестиналықтардың бір бөлігін қабылдайды.
Осыған байланысты Ұлттық барлау ұйымы әрекет жасап, бастапқыда 15 палестиналықты Мысыр арқылы Түркияға әкеледі.