Сирия презденті Түркияға келеді

Бұл туралы Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун хабарлады.

2236809
Сирия презденті Түркияға келеді

Сирия Араб Республикасының өтпелі кезеңінің  президенті Шараа президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен 4 ақпан сейсенбі күні (ертең) Түркияға келеді.

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун әлеуметтік желідегі парақшасында Шарааның сапарына байланысты былай деді: «Сирияның азаттығына қол жеткізгеннен кейін қайта қалпына келтірілген Түркия-Сирия қарым-қатынастары Ахмед Шараа мырза мен делегациясының сапарымен нығайып, ауқымды болады деп сенеміз»

Алтун ел астанасы Анкарадағы Президенттік кешенде өтетін келіссөздер барысында Сириядағы соңғы оқиғалардың жан-жақты талқыланатынын айтты.  "Екі елдің елдегі экономиканы қалпына келтіру, түбегейлі  тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін басылатын бірлескен қадамдары қолға алынады.  Сондай-ақ кездесу барысында уақытша әкімшілік пен Сирия халқына көпжақты платформаларда көрсетілетін қолдаулар талқыланады» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар