Президент Ердоған «Түркия Афро-Еуразия аймағының жұлдызы» деді

Ердоған Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі топ жиналысында сөз сөйледі.

2235646
Президент Ердоған «Түркия Афро-Еуразия аймағының жұлдызы» деді

Президент Режеп Тайып Ердоған «Түркияны өз аймағының және әлемнің полюстерінің біріне айналдырамыз» деді.

Ердоған Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі жиналысында сөз сөйледі.

Президент «Біз Түркияны аймақтың және әлемнің полюстерінің біріне айналдырамыз. 40 жылдық террор індетін жойғаннан кейін, одан әрі жанданамыз деп үміттенеміз. Біз мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Террорсыз Түркия мақсатына міндетті түрде жетеміз», - деді.

«Түркия стратегиялық қадамдарымен және адам факторы саясатымен тарихта өз таңбасын қалдыруда. Түркия әлемнің жүрегі саналатын Афро-Еуразия аймағының жұлдызы. Сириядан Палестинаға дейінгі аймақта тарих қайта жазылуда. Біздің ғасырымыз бауырларымызбен бірге қалыптасып жатқанын ешқашан ұмытпаңыз»», - деп мәлімдеді президент Ердоған.

 

 



Ұқсас жаңалықтар