Еуропа Одағынан қонақ келеді
Еуропа комиссиясы төрағасының орынбасары Кая Каллас ертең Түркияға келеді.
2233811

Еуропа Одағынан (ЕО) Түркияға жоғары деңгейдегі сапарлар артып келеді.
Еуропа комиссиясы төрағасының орынбасары Кая Каллас ертең Түркияға келеді.
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Калласпен кездеседі.
Кездесуде Түркияның ЕО мүшелігінің стратегиялық мақсат екені баса айтылады. Түркияның одаққа қосылу процесін жандандыру үміті жеткізіледі.
Кедендік одақты жаңарту және визаларды либерализациялау диалогын аяқтау талаптары айтылады. Сонымен бірге көші-қон бойынша ынтымақтастықты жаңарту талқыланады.
Министр Фидан Еуропа Одағынан терроризммен күресте нақты қадам күтілетінін жеткізеді. Сондай-ақ Сирияға қарсы санкциялардың жойылуы мен сириялықтардың аман-есен оралуы тақырыбына назар аударылады.