Бірнеше ел Түркияға көңіл айтты
Болудағы Карталкаяда болған өрт апатынан кейін Президент Режеп Тайып Ердоғанға әріптестерінен көңіл айту қоңыраулары келіп түсуде.
2233735

БАӘ Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Катар Әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Сани және Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Президент Ердоғанға телефон арқылы хабарласты. Әңгіме барысында үш елдің басшылары Карталкаяда болған өрт апатына байланысты көңіл айтып, Түркияға қолдау білдіретіндерін жеткізді.