Көптеген ел Түркияға көңіл айтуда
Германия, Франция, Сирия, Чехия, Словакия, Венесуэла, Колумбия, Бахрейн, Мысыр, Алжир және Ирак Түркияға көңіл айтты.

Болудағы Карталкая шаңғы кешеніндегі қонақүйдегі өрттен кейін Түркияға әлемнің түкпір-түкпірінен көңіл айту хабарлары келуде.
Германия канцлері Олаф Шольц пен Сыртқы істер министрі Анналена Бербок әлеуметтік желідегі жазбаларында оқиғаға қатты қайғырып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро «Х» аккаунтындағы мәлімдемесінде «Франция түрік халқының қайғысына ортақ» деді.
Сириядағы жаңа әкімшіліктің Сыртқы істер министрлігінің «X» аккаунтындағы көңіл айту хабарламасында «Бауырлас түрік халқы әрқашан бізбен бірге болды және ең қиын сәттерімізде бізді қолдады. Бүгін және келешекте сириялықтар түрік бауырларымен бірге, олардың осы қиын кезеңді тезірек еңсеруін тілейді» делінген.
Чехия премьер-министрі Петр Фиала, Словакияның сыртқы істер министрі Юрай Бланар және Венесуэла сыртқы істер министрі Иван Гил де әлеуметтік желідегі жазбаларында оқиғаға қатты қайғырғандарын айтқан.
Колумбия Сыртқы істер министрлігінің веб-сайтында жарияланған мәлімдемеде «Түркия үкіметі және халқымен ынтымақтастықтамыз» делінген.
Бахрейн, Мысыр, Алжир және Ирак Болу Карталкая шаңғы кешеніндегі қонақүйде шыққан өртте қаза тапқандар үшін көңіл айту хабарламаларын жариялады.