Түркияда шаңғы орталығында өрт шықты
Қазірге дейін 10 азамат қаза тапты.

Болудағы Карталкая шаңғы орталығындағы қонақүйде шыққан өртте алғашқы мәліметтерге қарағанда 66 адам қаза тауып, көптеген адам жараланған.
Ішкі істер министрі Али Йерликая әлеуметтік желідегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде бүгін Түркия уақытымен сағат 03:27-де Карталкая тау шаңғысы курортындағы қонақүйде өрт туралы хабар түскенін айтты.
Министр өрт сөндіру жұмыстарының жалғасып жатқанын білдірді. "Өкінішке орай, қаза болғандар саны 66-ға жетті. Қайтыс болған азаматтарымызға Алланың рақымын тілейміз. Зардап шеккендердің де тезірек сауығып кетуін тілеймін" деді министр.
Қонақүйдегі өртке байланысты тергеу басталды. Осы тақырыпта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төрт бас инспекторға тапсырма берді.
Вице-президент Джевдет Йылмаз әлеуметтік желідегі парақшасында өртте қаза тапқандар үшін көңіл айтып, хабарламажариялады.
Ұқсас жаңалықтар

Ердоған «Баршаның қалауы - Сирияда бейбітшілік пен берекенің үстем болуы» деді
Президент Ердоған Германия президентімен кездесуінен кейін ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.