Фидан Хаджа Лахбибпен кездесті
Кездесуде Сирия мәселесі талқыланды.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан «Мақсатымыз - Сирияның жаңа кезеңде санкциялардан құтылып, қалыпты экономикаға көшуі және миллиондаған босқын бауырларымыздың бейбіт және қауіпсіз түрде үйлеріне оралуы» деді.
Фидан кеше министрлікте Еуропалық Одақтың (ЕО) Теңдік, дайындық және дағдарысты басқаруға жауапты мүшесі Хаджа Лахбибпен кездесуінен кейін сөз сөйледі.
Фидан «Олар (Лахбиб) кеше Сирияға барды. Олар Еуропалық Одақтың қандай көмек көрсете алатынына, әсіресе Сириядағы гуманитарлық және даму мәселелерін басқаруда қандай көмек қажет екендігіне бақылау жасады», - деді.
Хакан Фидан Түркияның бұл мәселеге көзқарасының айқын екеніне назар аударып, «Мақсатымыз - Сирияның жаңа кезеңде санкциялардан құтылып, қалыпты экономикаға көшуі және миллиондаған босқын бауырларымыздың бейбіт және қауіпсіз түрде үйлеріне оралуы . Бұл мәселе бойынша жұмысты жалғастырамыз»,- деді.
Лахбиб Түркияның азаматтық соғыс басталғаннан бері сириялық босқындарға көрсеткен көмегіне тоқталып, «Түркияның босқындарға жылдар бойы жасаған қолдауы өте маңызды. ЕО да бұл тұрғыда үлкен қолдау көрсетті және қолдауды жалғастыруда. Түркия әлі де Еуропалық Одаққа үміткер ел және негізгі серіктесі», - деді.
Лахбиб Еуроодақтың азаматтық қорғау механизмі аясындағы мықты ынтымақтастығына назар аударып, «Түркия бұл механизмде өте құнды және белсенді серіктес» деп бағалады.