Дамаскіде TRT өкілдігі ашылады

Дамаскіде TRT-тің өкілдігін ашу жұмыстары басталды.

2231643
Дамаскіде TRT өкілдігі ашылады

Түркия Телерадио Корпорациясы (TRT) Сирияның астанасы Дамаскіде өкілдігін ашады.

Бас директор Мехмет Захид Собаджының нұсқауымен Дамаскіде TRT-тің өкілдігін ашу жұмыстары басталды.

Осы тұрғыда Сирияның Ақпарат министрлігімен өкілдіктің аккредитациясы мен ресми үдерістерге қатысты талқылаулар жүргізілді.

Қажетті рұқсат алғаннан кейін ТРТ Дамаск өкілдігі жұмыс істей бастайды және оқиғаларды орналасқан жерінен әлемге жариялайды.

Дамаск өкілдігінің ашылуымен ТРТ-ның шетелдегі өкілдік саны 19-ға жетеді.


Этикеттер: #Дамаск , #Сирия , #өкілдік , #TRT

Ұқсас жаңалықтар