Хасан Шайбани ТRТ Телерадио корпорациясына келді
«TRT Хабар» бағдарламасына қатысқан Шайбани Сириядағы қазіргі жағдай мен Түркия-Сирия қарым-қатынастарына тоқталды.

Сирияның жаңа үкіметінің Сыртқы істер министрі Асад Хасан Шайбани Түркияның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қорғайтындарын, аймақтағы террормен күресу үшін жылдам әрекет ететіндерін мәлімдеді.
Асад Хасан Шайбани алғаш рет түрік телеарнасының қонағы болды.
«TRT Хабар» бағдарламасына қатысқан Шайбани Сириядағы қазіргі жағдай мен Түркия-Сирия қарым-қатынастарына тоқталды. Президент Режеп Тайып Ердоған мен түрік халқының дұрыс тарапта екенін және адами құндылықтар мен әлем халықтарының жанында екенін айтты.
Министр Шайбани «Сирияда болып жатқан оқиғалар мен Сирияның азат етілуі екі ел үшін де пайдалы. Түркияның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін әрқашан қорғаймыз» деді.
Сыртқы істер министрі Шайбани Сирияның қауіпсіздігі Түркияның, Түркияның қауіпсіздігі Сирияның қауіпсіздігі екенін атап өтті.
«Сирия өз аумағынан басқа елдерге қауіп төндіргісі келмейді. Бұл мәселелерді талқылаудамыз және жақын арада оң нәтиже болады деп күтудеміз. Біз қауіптермен күресу үшін өте жылдам әрекет етеміз», - деді ол.
Сонымен қатар министр Шайбани Израильдің Сирияға жасаған шабуылдарына қатысты «Израиль әскери базалар мен аймақтарға шабуыл жасады. Біз Отанымызды қорғауымыз керек. Біз жаңа қауіптерге қарсы дайынбыз»,- деді.
Сирия Сыртқы істер министрі сұқбат соңында түрік тілінде «Бауырлас түрік халқына барлығы үшін алғыс айтамыз» деді.