Жаңа спутник ғарышқа аттанды
Түрік фирмаларына тиесілі алғашқы жер серігі «FGN-100-d1» орбитаға сәтті шықты.

Түрік фирмаларына тиесілі 5 жаңа спутник ғарышқа аттанды.
«Байкар» Басқарма төрағасы Селчук Байрактар жасаған «Fergani Space Company» компаниясының алғашқы жер серігі «FGN-100-d1» Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Ванденберг ғарыш күштері базасынан ғарышқа аттанды. Осылайша «Fergani Space» жасаған спутник жобасының алғашқы қадамы сәтті жүзеге асты.
Ұлттық спутниктік жүйе ұшырылғаннан кейін шамамен 62 минуттан соң орбитаға сәтті шықты. «FGN-100-d1» спутнигі орбитада түрлі операцияларға, телеметриялық-телекомандалық байланыс пен позицияны анықтауға және пайдалы жүкті байланыстыру мүмкіндіктерін сәтті сынауға арналған.
«Байкар» Басқарма төрағасы Селчук Байрактар 5 жыл ішінде 100 спутникке жеткізуді мақсат еткендерін айтты. Сонымен қатар Түркияның тағы бір бастамасы «План-S» ғарышқа тағы төрт байланыс серігін ұшырды. Компания өзінің жаңа коммерциялық спутниктері арқылы коммуникациялық технологияларда жаһандық шешімдерді әзірлейді. Компания бүгінге дейін ғарышқа 9 спутникті сәтті ұшырды.
Индустрия және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр әлеуметтік желі парақшасында «Ғарыштық экожүйеміз Ұлттық ғарыш бағдарламасының мақсаттарына сәйкес күн сайын нығая түседі» деді.