Түркиялық компания АҚШ-қа көмек ұсынды
Лос-Анджелес қаласы мен оның маңындағы өртке байланысты түрік "Тас Суы" өндірушелері көмек ұсынды.

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Лос-Анджелес қаласы мен оның маңындағы аймақтарда бірнеше күннен бері жалғасып жатқан өртте қаза тапқандар саны 25-ке жетті.
7 қаңтар кешінде басталған өрт 40 мың гектардан астам аумақты күлге айналдырды.
Ауа райы жағдайы өртті бақылауға алуды қиындатып отыр. 150 мыңнан астам адамды эвакуациялау туралы бұйрық берілген аймақта 12 мыңнан астам ғимарат зақымданды.
Өрттің келтірген жалпы шығыны мен экономикалық залалы 250-275 миллиард доллар арасында болуы мүмкін деп болжануда.
Сонымен қатар бір түрік зерттеу компаниясы АҚШ-қа өртпен күрес бойынша көмек ұсынды. Компания Балыкесир қаласында өндірілген және әлемдегі ең күшті орман өрт сөндіргіші деп сипатталған "Тас Суын" ұсынды. Бұл құрал экологиялық қауіпсіздігімен және тиімділігімен ерекшеленеді. "Тас Суының" ең маңызды қасиеті – қолданылған жерде өрттің қайта шығуына жол бермеуі.
"Тас Суын" ойлап тапқан өндіруші компанияның иесі Фарук Дурукан: "Егер АҚШ қаласа, біз көмек көрсетуге дайынбыз," – деп мәлімдеді.