Түркия президенті “YPG” лаңкестік ұйымы туралы сөз сөйледі
Президент Ердоған Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі фракция жиналысында сөз сөйледі.

Президент Режеп Тайып Ердоған: "Сирияның табиғи ресурстарын да тонаған “YPG” лаңкестік ұйымы өз-өзін таратып, қаруын тапсырмаса, жақындаған ауыр тағдырдан құтыла алмайды," – деді.
Президент Ердоған Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі фракция жиналысында сөз сөйледі.
Ердоған: "(Сирия) Түркияның іргесіндегі елге толықтай заңды және әділ себептермен, әсіресе гуманитарлық мақсатта араласуымыздан табиғи ештеңе жоқ," – деп мәлімдеді.
Президент: "Біз бірнеше ғасырлық бауырластық байланысымыз және 911 шақырымдық шекарамыз бар көрші елге Батыстың көзқарасымен қарай алмаймыз," – деді. "Біз Сириядағы барлық топтар секілді күрд бауырларымыздың да барлық мәселелерінің шешілуін қадағалаймыз, қолдаймыз, күрдтердің қауіпсіздігінің кепілі болып табыламыз," – деген Ердоған "Сирияның табиғи ресурстарын да тонаған YPG лаңкестік ұйымы өз-өзін таратып, қаруын тапсырмаса, жақындап келе жатқан ауыр тағдырдан құтыла алмайды. Барлығы аймақтан кері шегінсін. Біз сириялық бауырларымызбен бірге ДАИШ-тың да, “YPG” нің де, басқа да лаңкестік ұйымдардың да басын қысқа мерзімде жоя аламыз," – деді.
Өз сөзінде Израильдің шабуылдарына да тоқталған Президент "Израиль ең алдымен Сирия жеріне шабуыл жасаған күштердің басқыншылық әрекеттерін тоқтатуы қажет. Әйтпесе нәтижесі барлығына теріс әсер етеді," – деген мәлімдеме жасады.
Ердоған: "15 айдан бері геноцид пен қырғындар жалғасып келе жатқан Газа аймағында атысты тоқтату арқылы бүкіл аймақта түбегейлі бейбітшілік пен тұрақтылық үшін маңызды мүмкіндік пайда болады," – деді.