Түркияның қолдауы жоғары бағаланды
Палестина министрі Түркияның қолдауын жоғары бағалады.

Палестина Жергілікті басқару министрі Сами Ахмед Ариф Хиджави Түркияның Палестина халқына көрсеткен қолдауын жоғары бағалап, ортақ ынтымақтастық аясын кеңейтуге шақырды.
Палестина Жергілікті басқару министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес Хиджави Рамалладағы кеңсесінде Түркияның Израильдегі Бас консулы Исмаил Чобаноғлұны қабылдады.
Кездесу барысында Түркияның Палестина халқына көрсеткен қолдауы және екі ел арасындағы қарым-қатынастар талқыланды. Хиджави Түркияның Палестинаға маңызды салаларда көрсеткен көмегінің маңыздылығына тоқталып, палестиналық және түрік муниципалитеттері арасындағы бауырластық қатынастарды нығайту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ ол ортақ тәжірибелерді бөлісу және муниципалдық жұмыстар, әлеуетті арттыру, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бағыттарында ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығына тоқталды.
Палестина министрі Чобаноғлұны Израиль шабуылдары аяқталғаннан кейін Газада жоспарланған жұмыстар, гуманитарлық көмек шаралары және негізгі қажеттіліктерді қамтамасыз ету бойынша үкіметтің жүзеге асырып жатқан бастамалары туралы хабардар етті.
Хиджави Израиль шабуылдарының нәтижесінде инфрақұрылым, қоғамдық нысандар, су, электр, кәріз жүйелері және байланыс желілері сияқты салаларда үлкен залал келгенін атап, Газадағы муниципалитеттерге шұғыл қаржылай көмек көрсету үшін министрлік қарқынды жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.
Газадағы гуманитарлық жағдайдың нашарлауына байланысты Түркия мен басқа да елдер көмектерді Мысырдың Әл-Ариш әуежайына жеткізу үшін әрекеттенгенімен Израиль бұл көмектің көп бөлігінің Газадағы мұқтаждарға жетуіне кедергі келтіріп отыр.
Ұқсас жаңалықтар

«Түріксат 6А»-ның алғашқы сынақ трансляциясы сәтті аяқталды
Бұл туралы Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр мәлімдеді.